Бүгінгі күні Дүниежүзілік сайлауды ұйымдастырушылар қауымдастығының бастамасы бойынша жыл сайын ақпанның алғашқы бейсенбісінде Дүниежүзілік сайлау күні аталып өтіледі.
Сайлауды ұйымдастыру және өткізу саласының мамандары Дүниежүзілік сайлау күнін белгілей отырып, азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мен тұрғындардың сайлауға белсенді қатысуын көздеді.
Дүниежүзілік сайлау күнін белгілеу арқылы қоғам санасында демократияландыру процесін жүйелеу, сайлау процесіндегі жетістіктер туралы халықты хабардар ету және сайлаушылар арасында демократиялық құндылықтарға бейімділікті қалыптастыру болып табылады.
Барлықтарыңызға белгілі үстіміздегі жылы шілде айында ауыл халқы болып ауыл әкімін сайлап алдық. Қатысқан 4 үміткердің арасынан үлкен басымдықпен Сейсембаев Марат Кайрбекұлы тағайындалды.