Балалардың терезеден құлау мәселесі өзекті болып қала береді. Жақында Екібастұз қаласында 2020 жылы туған бала 3 қабатты биіктіктен құлау жағдайы орын алды. Жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізіліп балалар жан сақтау бөліміне ми жарақатымен жатқызылды.
Ата–аналар балаларының өмірі мен денсаулығын қорғауда жауапкершілікпен қарау керек.
Әдетте, балалардың құлауы ересектер тарапынан тиісті бақылау болмаған кезде, балалар дербес терезеге көтеріліп, терезе жанындағы жиһазды тірек ретінде қолданып, масаға қарсы торға сүйеніп, онымен бірге құлайды.
Балалардың қауіпсіздігі мен өздерініздің тыныштықтарыңыз үшін Екібастұз қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы ескертеді:
- балаларға терезенің толық ашуға бермейтін арнайы қысқыштарды немесе тор орнатуды ұсынады.
Аталмыш жабдықтарды орнатумен айналысатын арнайы фирмаларға хабарласып терезеңіздің түріне сәйкес келетін құрылғыны таңдай аласыз.
Қысқыштарды, торды тек кәсіби мамандар орнату керек!
Балалардың қауіпсіздігі үшін қаражатыңызды үнемдемеңіздер!
Балалардың аман сау болуы ересектердің колында екенін естен шығармаңыз!
Екібастұз қаласының ТЖБ
бас маманы
Макенова Г.К.