Екібастұз қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның кезекті отырысы 25 тамызда Zoom режимінде өтті. Оны КТІК төрағасы, қала әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары М.Д. Маликова өткізді.
Өңірдегі білім беру ұйымдарының терроризмге қарсы және қылмысқа қарсы қорғалуы мәселелері қаралды.
Биыл Павлодар облыстық «Тәрбие алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысы басталды. «Ашық алаң» диалог алаңында осы кеңсе өкілінің, мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар қарастырылады.
Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында отбасыларға құжаттау, жұмысқа орналастыру, әлеуметтік төлемдерді ресімдеу, медициналық қызметтер көрсету, қайырымдылық қорлары мен демеушілер есебінен материалдық көмек көрсетіледі. Бұл жұмысқа қала еріктілері белсенді қатысады. Білім беру бөліміне оны апта сайын өткізу тапсырылды.
Екібастұз жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Т.А. Құдайбергенов «2021 жылдың 7 айы бойынша Екібастұз өңірінің аумағында кәмелетке толмағандарға қатыгездік таныту фактілерінің жай-күйін талдау» тақырыбында баяндама жасады. Есеп беру кезеңінде балаларға қатыгездік көрсету фактілері анықталған жоқ. Сонымен қатар, аталған мәселені бақылауда ұстау, қорғаншылық органдарына, білім беру ұйымдарына құқық бұзушылық, ерте жүктілік және қаңғыбастық фактілеріне жол бермеу бойынша ата-аналармен және олардың балаларымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету тапсырылды.
Сондай-ақ, кәмелетке толмағандар мен олардың заңды өкілдеріне қатысты: кешкі оқыту нысанына ауыстыру туралы, ата-ана құқықтарын шектеу және кәмелетке толмаған балалар тәрбиеленетін отбасылар арасындағы жанжалды жағдай бойынша үш жеке іс қаралды.
Айта кету керек, бұл істер бойынша шешімдер ең алдымен балалардың мүдделерін ескере отырып, оларды туған отбасыларында тәрбиелеу мақсатында қабылданды. Ата-аналарға ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне сәйкес өз құқықтары мен міндеттерін орындау айтып көрсетілді.
Естеріңізге сала кетейік, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамына Екібастұз қаласы әкімдігінің, құқық қорғау органдарының, қоғамның, бұқаралық ақпарат құралдарының, білім беру, денсаулық сақтау салаларының және т. б. өкілдері енеді.