Меню

Страницы

Статья

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ХҚО-ға бару кезегін онлайн брондау тәсілдері туралы ескертеді

2021 жылғы 7 шілдеден бастап Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларының ХҚО-лары санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес азаматтарды тек алдын ала брондау арқылы қабылдайды.

ХҚО-да кезекке бірнеше тәсілмен онлайн тапсырыс беруге болады:

- egov.kz электрондық үкімет порталы,

- eGovKzBot2.0 телеграм-бот,

- egov mobile мобильді қосымшасы,

- 1414 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы.

«ХҚО-ға белгіленген уақыттан 15-20 минут бұрын келу керек. Бұл туралы сіздің телефоныңызға брондауды растау үшін келетін хабарламада жазылады. Азаматтардан кешігіп қалмауды сұраймыз. Өйткені белгіленген уақытыңыз өтіп кетсе, сіздің брондалған талоныңыз жүйеде көрінбейді және кезекті қайта брондауға немесе мүмкін басқа күнге тура келеді», - деді «Азаматтарға арналған үкімет» облыстық филиалының директоры Фархат Әлімов.

ХҚО-ға келген кезде клиенттер әлеуметтік қашықтықты сақтауы және бетперде киюі тиіс. ХҚО ғимаратына кіру «Ashyq» қосымшасы арқылы жүзеге асырылады. Бүгінде онлайн режимде мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамы қолжетімді. Egov.kz немесе Egov mobile арқылы қызметтерді алуға болады.

Дата публикации
23 июля 2021
Дата обновления
23 июля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Бейнероликтер
21 октября 2026
Аудиороликтер
20 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Павлодар облыстық және Екібастұз қалалық мәслихаттары депуттарының сайлауы бойынша Екібастұз қаласы сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәлімет

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы