Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Екібастұз қаласы бойынша 2021 жылғы 25 шілдеге Шиқылдақ ауылы, Ақкөл, Байет, Теміржол, Сарықамыс ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы хабарлайды.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңы 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Екібастұз қаласы бойынша ауыл және ауылдық округтер әкімдерін сайлау жөніндегі сайлау округтері құрылды:
1) Шиқылдақ ауылының әкімін – Шиқылдақ ауылы әкімшілік-аумақтық бірлігінің шекараларында Шиқылдақ сайлау округі;
2) Ақкөл ауылдық округінің әкімін – Ақкөл ауылдық округі әкімшілік-аумақтық бірлігінің шекараларында Ақкөл сайлау округі;
3) Байет ауылдық округінің әкімін - Байет ауылдық округі әкімшілік-аумақтық бірлігінің шекараларында Байет сайлау округі;
4) Теміржол ауылдық округінің әкімін – Теміржол ауылдық округі әкімшілік-аумақтық бірлігінің шекараларында Теміржол сайлау округі;
5) Сарықамыс ауылдық округінің әкімін - Сарықамыс ауылдық округі әкімшілік-аумақтық бірлігінің шекараларында Сарықамыс сайлау округі.
Екібастұз қаласы бойынша ауыл және ауылдық округтер әкімдерін сайлау жөніндегі Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Екібастұз қаласы, М. Жүсіп көшесі, 48/2 мекенжайында орналасқан.
Екібастұз қалалық аумақтық
сайлау комиссиясы