Зияткерлік меншік объектілерін және оларға теңестірілген заңды тұлғаны дараландыру құралдарын пайдалану құқықтарын беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялық шарт бойынша жүзеге асырылады.
Лицензиялық шарт туралы жалпы ережелер Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 966-бабында бекітілген, ол лицензиялық шарттың нысанасы ретінде зияткерлік меншіктің тиісті объектісін белгілі бір тәсілмен уақытша пайдалану құқықтарын беруді белгілейді. Демек, лицензиялық шартта берілетін зияткерлік меншік объектісі міндетті түрде нақтылануы, сондай-ақ зияткерлік меншік объектісін пайдалану тәсілдері айқындалуы тиіс.
Лицензиялық келісім-шарт:
1) зияткерлік меншік объектісін пайдалану құқығын лицензиардың оны пайдалану мүмкіндігін және лицензияны басқа тұлғаларға беру құқығын сақтай отырып (жай, айрықша емес лицензия);
2) зияткерлік меншік объектісін пайдалану құқығын лицензиардың оны пайдалану мүмкіндігін сақтай отырып, бірақ басқа тұлғаларға лицензия беру құқығынсыз (айрықша лицензия) пайдалануға құқылы.
Лицензиялық шартта лицензия түрі туралы талап болмаған жағдайда, ерекше емес лицензия берілді деп болжанады және зияткерлік меншік объектісінің меншік иесі объектіні пайдалану құқығын өзге тұлғаларға беруге құқылы.
Лицензиялық шартқа, ол бойынша берілетін зияткерлік меншік объектісінің түріне қарай, орындалуы міндетті белгілі бір талаптар қойылады, олай болмаған жағдайда лицензиялық шарт жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Мысалы, лицензиялық шарттың бір түрі болып табылатын авторлық шарт бойынша авторлық құқықтарды беру кезінде "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" ҚР Заңы шарттың мазмұнына және оның нысанына қойылатын талаптарды ұсынады. Осылайша, "авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" ҚР Заңының 32-бабына сәйкес авторлық шарт жазбаша нысанда (мерзімді баспасөз басылымында қайта шығаруды пайдалану құқығын беруді қоспағанда) жасалуға және онда туындыны пайдалану тәсілдері туралы талаптар (осы Шарт бойынша берілетін нақты құқықтар) қамтылуға тиіс.
Өнертабысты, пайдалы модельді, өнеркәсіптік үлгіні пайдалануға, сондай-ақ тауар белгісіне құқықты беру туралы құқықтарды беру кезінде лицензиялық шарт патенттік органда (ұйымда) тіркелуге тиіс.
Лицензиялық шартты тіркеуді қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті жүзеге асырады. Лицензиялық шартты тіркеу тәртібі мен мерзімдері Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің бұйрықтарымен бекітілген тиісті заңдар мен нұсқаулықтарда айтылған.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, лицензиялық шартты жасасу кезінде төмендегілерге назар аударуды ұсынамыз::
1. лицензиялық шартта зияткерлік меншік объектісін пайдаланғаны үшін сыйақы туралы талаптарды көздеу;
2. берілген құқықтардың сипатын міндетті түрде бекіту (ерекше немесе ерекше емес құқықтар);
3. зияткерлік меншік объектісін пайдалануға берілетін құқықтардың көлемін айқындау;
4. зияткерлік меншік объектісіне меншік құқығының туындауы тіркелуге тиіс болған жағдайда, құқықтарды тіркеуді растайтын құжаттар лицензиялық шартқа қоса берілуге тиіс.
Кәдөш Н.С. Екібастұз қаласының ауданаралық
әділет басқармасының басшысы,
«ҚЗО» РҚБ Павлодарлық филиалының мүшесі