Меню

Страницы

Статья

Зияткерлік меншік

Зияткерлік меншік – бұл зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижелері және азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызметтерді дараландыру құралдары. Басқаша айтқанда, зияткерлік меншік екі түрге бөлінеді: біріншісі - өнер туындылары, шығармашылық және ғылыми әзірлемелер, ноу-хау, екінші түрі компания немесе тұлға басқалардан өзгеше болуы мүмкін нәрселерді қамтиды, тауар белгілері, логотип, ұран және т.б. Толық жіктеу  Азаматтық кодекстің 961-бабында көрсетілген.

Зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижелеріне:

  • ғылым, әдебиет және өнер туындылары;
  • эфирлiк және кәбiлдiк хабар тарату ұйымдарының орындаушылығы, қойылымдары, фонограммалары мен хабарлары;
  • өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер;
  • селекциялық жетістіктер;
  • интегралды микросхемалар топологиясы;
  • ашылмаған ақпарат, оның iшiнде өндiрiс құпиялары (ноу-хау);
  • Азаматтық Кодексте немесе өзге де НҚА (нормативтік-құқықтық актілерде) көзделген жағдайларда зияткерлік шығармашылық қызметтің басқа нәтижелері.

Азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулердi дараландыру құралдарына​:

  • фирмалық атаулар;
  • тауарлық белгiлер (қызмет көрсету белгiлерi);
  • тауарлар шығарылатын жерлердің атаулары (шығатын жерін көрсету);
  • Азаматтық Кодексте және ҚР заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда азаматтық айналымға қатысушылардың, тауарлар мен қызмет көрсетулердiң басқа да дараландыру құралдары жатады (логотип, слоган).

Кәдөш Н.С. Екібастұз қаласының ауданаралық

әділет басқармасының басшысы,

«ҚЗО» РҚБ Павлодарлық филиалының мүшесі

Дата публикации
21 июня 2021
Дата обновления
21 июня 2021
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

21 октября 2026
Бейнероликтер
21 октября 2026
Аудиороликтер
20 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Павлодар облыстық және Екібастұз қалалық мәслихаттары депуттарының сайлауы бойынша Екібастұз қаласы сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәлімет

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы