Меню

Страницы

Статья

«Азаматтарға арналған үкіметтің» кадр резервіне 14 павлодарлық қабылданды

Осы жылдың 1 наурызы мен 30 сәуірі аралығында болған «Азаматтарға арналған үкіметтің» кадр резерві іріктеуіне барлығы 1873 өтінім келіп түскен болатын.
        Үміткерлер бірнеше кезеңнен тұратын іріктеуден өтті. Қорытынды кезеңде үміткерлерді құрамына ҚР Парламентінің депутаттары, БАҚ өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, HR-мамандары, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері, Мемлекеттік корпорациясы директорлар кеңесі мен басқарма мүшелері кірген арнайы комиссия іріктеген болатын.
Нәтижесінде «Дарындылар пулына» 353 адам қабылданса, оның 14-і Ертіс өңірінен болып шықты.
          Жобаның басты мақсаты – болашағынан үміт күттіретін қызметкерлерді табу, олардың құзыретін дамыту және алдағы уақытта бос басшылық лауазымдарға ұсыну.
         Бұл жобаны жүзеге асыруда "Президенттің жастар кадр резерві", Елбасы академиясының салалық менеджерлері" және "Жас Өркен" сияқты ұқсас жобалардың тәжірибесі зерттелген болатын. "Дарындылар пулы" Қазақстандағы кадрлар резервін қалыптастырудағы төртінші жоба болып табылады.

Дата публикации
10 июня 2021
Дата обновления
10 июня 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Бейнероликтер
21 октября 2026
Аудиороликтер
20 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Павлодар облыстық және Екібастұз қалалық мәслихаттары депуттарының сайлауы бойынша Екібастұз қаласы сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәлімет

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы