Жыл сайын Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасымен терек ағаштарының гүлдену кезеңінде халық арасында терек ұлпасының қауіптілігі жайлы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Терек ағаштарының гүлдену кезеңі басталуымен облыста өрт қауіпі ұлғайады. Терек ұлпасы тұрғын үйлердің, шаруашылық құрылымдардың маңында жиналып өрт қаупін туғызады. Тек сіріңкені терек ұлпасына тигізсе болды, ұлпа оқ дәрі сияқты тез от алады. Әйнектер мен есіктер арқылы пәтерлер мен тұрғын үйлерге де кіріп кетеді. Әсіресе терек ұлпасы тұрғын үй секторлары мен автокөлік тұрақтары орналасқан жерлерде қауіпті.
Терек ұлпасынан шығатын өрттердің жиі кездесетін себептері – балалардың отпен ойнауы, сондықтан балаларға терек ұлпасында үлкен қауіптің құпиясы жатқанын айтып, жиі естеріне салып отыру қажет. Балалар ойынының нәтижесінде үлкен өрт болуы мүмкін.
Ата-аналарға берілетін кеңес - балаларының жазғы демалыста бос уақытын қалай өткізетінін алдын ала ойластырып, балаларға отпен ойнау өте қауіпті екенін түсіндіру және сіріңкемен ойнауға тыйым салу. Балалардың отпен ойнауына мүмкіндік болмайтындай бар жағдайды жасаңыз.
Өрт болдырмау үшін барлық ұйымдар, мекемелер, пәтер иеленушілердің кооперативтері өздеріне қатысты алаңдардың уақытымен ұлпаны басатындай су себелеп тұруын және ұлпадан аумақтарының тазартылуын ұйымдастырып отыру керек.
Осы қарапайым ережелерді сақтау өрт шығу мүмкіндіктерін едәуір азайтуға мүмкіндік береді.
Павлодар облысы ТЖ Департаменті
Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының инженері А. Лысикова