Меню

Страницы

Статья

Селекциялық жетістікті құқықтық қорғау. Селекциялық жетістік авторының құқықтары.

Селекциялық жетістікке құқық Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалады және патентпен расталады. Патент патент иеленушінің селекциялық жетістікті пайдалануға айрықша құқығын, оның басымдығын және селекционердің авторлығын куәландырады.

Селекциялық жетістікке патент беретін құқықтық қорғау көлемі сорттың, тұқымның сипаттамасына енгізілген белгілер жиынтығымен айқындалады.

Өсімдіктер сорттарына патенттің қолданылу мерзімі сараптама жасау ұйымына өтінім берілген күннен бастап - 25 жылды, Жануарлар тұқымдарына - 30 жылды, жүзім, сәндік ағаш, жеміс және орман дақылдары сорттарына, оның ішінде олардың телітінділеріне-35 жылды құрайды.

Патенттің қолданылу мерзімі патент иеленушінің өтінішхаты бойынша ұзартудың әрбір жылы үшін жүргізілген төлемді ескере отырып, бірақ он жылдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.

          Селекциялық жетістік авторының құқықтары

Автордың жеке мүліктік емес құқықтары иеліктен шығарылмайтын болып табылады және мерзімсіз қорғалады.

Патент иеленуші болып табылмайтын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне енгізілген селекциялық жетістіктің авторына сараптама жасау ұйымы оның авторлығын растайтын ресми куәлік береді.

Автордың өзінің селекциялық жетістігіне өз есімін беруге құқығы бар.

Автордың өзі жасаған, анықтаған немесе өсіріп шығарған селекциялық жетістікті патенттің қолданылу мерзімі ішінде пайдаланғаны үшін патент иеленушіден сыйақы алуға құқығы бар. Сыйақы төлеу мөлшері мен шарттары патент иеленуші мен автор арасында жасалған келісімде айқындалады. Келісім болмаған жағдайда авторға сыйақы төлеу мөлшері мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалады.

Бұл ретте автор сыйақысының мөлшері патент иеленуші селекциялық жетістікті пайдаланғаны үшін алатын жыл сайынғы түсімдер сомасының, лицензияны сатудан түсетін түсімдерді қоса алғанда, бес пайызынан кем болмауға тиіс.

Егер автордың патент иеленушімен шартында өзгеше көзделмесе, сыйақы авторға селекциялық жетістік пайдаланылған әрбір жыл өткеннен кейін алты ай ішінде төленеді.

Егер селекциялық жетістікті бірнеше автор жасаса, ашса немесе шығарса, егер олардың арасындағы келісімде өзгеше белгіленбесе, сыйақы авторларға тең үлестермен төленеді.

 

Кәдөш Н.С. Екібастұз қаласының ауданаралық

әділет басқармасының басшысы,

«ҚЗО» РҚБ Павлодарлық филиалының мүшесі

 

Дата публикации
24 мая 2021
Дата обновления
24 мая 2021
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

21 октября 2026
Бейнероликтер
21 октября 2026
Аудиороликтер
20 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Павлодар облыстық және Екібастұз қалалық мәслихаттары депуттарының сайлауы бойынша Екібастұз қаласы сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәлімет

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы