Құрметті салықтөлеушілер!
Борышкердің өзінің тұрақты төлем қабілетсіздігі оны банкрот деп тану және банкротты қ рәсімін қозғай отырып тарату туралы сотқа өтініш беруі үшін негіз болып табылады.
Борышкер – жеке кәсіпкер ретінде тіркелген тұлға немесе заңды тұлға оған қатысты Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық» заңында (әрі қарай – Заң) банкроттық рәсімдер көзделген.
Банкроттық рәсім – Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен банкроттықтың мүліктік массасы есебінен кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылған рәсім.
Банкроттық борышкердің сотқа өтінішінің негізі ретінде ерікті түрде белгіленеді.
Борышкердің дәрменсіздігін сот Заңның 49 – бабына сәйкес жасалған қаржылық орнықтылығы туралы қорытындысымен белгілейді.
Осыған байланысты, борышкер Заңға сәйкес банкрот деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы.