Меню

Страницы

Статья

Терек мамығы

Жазғы уақыт келуіне байланысты қалада өрттің болу саны ұлғаюда екендігі туралы Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасы ақпараттайды. Ең негізгі қауіп – бұл терек мамығы, өйткені олар  қоймалар мен орманматериалдар арасында сонымен қатар көше арасындағы автокөлік тұрағында көп жиналып тұрады.

Өрт болудың негізгі көзі, шылым шеккеннен кейін шылымды сөндірмей тастап кету немесе балалардың теңтектегі, олар терек мағына сіріңке тастап жандыруды жақсы көреді, осыдан кейін өрт сөндірушілерді шақыру керек.

Қатты жел кезінде мамықтар он екі қабатты үйлер арасында да ұшып  барлық тесіктер арасына   кіріп кетеді. Кез келген шоқ мамықтың жануына әкеп соқтырады екендігін біз естен шығармау керекпіз, өйткені мамық бикфордтық жіптей тез арада жанып, мекемелер мен  ғимараттардың жануына әкеп соқтырады.

Осы өрт қауіпі кезеңінде ең алдымен келесі өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау керек:

- Ағаш арасына  жиналған мамықтарды үнемі тазазлап, су шашып отыру қажет. Балаларға  оларды жандыруға тыйым салынады.

- Қоқыстарды және оттарды жағуға тыйым салынады.

- Отпен жұмыс жүргізу кезінде алдын ала қауіпсіздік ережелірін тексеру керек.

- Алаңдарда су бөшкелерін орнату қажет, сонымен бірге бірінші көмек көрсете алатын  құм, күректер және тағы да басқа өрт құралдарды  өрт сөндіруде қолдану қажет.

Өрт қауіпсіздігі туралы қосымша өртке қарсы нұсқаулар жүргізу керек. Оттарды болдармау мақсатында қала тұрғындар әрдайым көшелерді, тротуарларды, жолдарды үнемі тазалап, мамықтарға су шашуын ұйымдастыру қажет. Балаларға мамықтарды жандыруына жол бермеу қажет.

Терек мамығымен тек өрт сөндірушілер ған емес сонымен бірге  көше жинаушы да күресуде.

Қарапайым ережелерді сақтай білсек өрттердің болдырмауына үлес қосамыз.

Екібастұз қ. ТЖБ бас маманы

азаматтық қорғау подполковнигі

Рогожина Е. С.

Дата публикации
18 мая 2021
Дата обновления
18 мая 2021
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

21 октября 2026
Бейнероликтер
21 октября 2026
Аудиороликтер
20 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Павлодар облыстық және Екібастұз қалалық мәслихаттары депуттарының сайлауы бойынша Екібастұз қаласы сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәлімет

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы