Құрметті Екібастұз өңірінің тұрғындары!
Павлодар облысының әкімі Ә.Б. Сқақов облыстың қалалары мен аудандары әкімдерінің халықпен тоқсан сайынғы есеп беру кездесуінің кестесін бекітті.
Екібастұз қаласының әкімі А.А. Қаңтарбаевтың 1-тоқсанның қорытындысы бойынша халықпен есептік кездесуі 2021 жылғы 22 сәуір сағат 11.00-де өтеді.
Кездесу «Zoom» алаңын (қосылуға сілтеме қосымша жеткізілетін болады) және Instagram, Фейсбук әлеуметтік желілерін пайдалана отырып, онлайн режимде көрсетілетін болады.
Азаматтарды белсенді қатысуға және толғандыратын сұрақтарды онлайн режимде қоюға немесе әлеуметтік желілерде пікір қалдыруға шақырамыз.
Есептік кездесуден кейін Екібастұз қаласының әкімі Ардақ Амангелдіұлы Қаңтарбаев азаматтарды қабылдау өткізеді.
Қабылдауға жазылу 2021 жылғы 20 сәуірге дейін жүргізіледі.
Қабылдауға Екібастұз қаласы әкімінің қоғамдық қабылдау бөліміне 34 77 04 номеріне хабарласып жазыла аласыз.
Қабылдауға жазылу үшін өтініш берушінің толық деректерін (Т.А.Ә., пошталық мекенжайы, байланыс телефондары) және мәселенің қысқаша мазмұнын айту қажет.
Екібастұз қаласының әкімі А. А. Қаңтарбаевтың халықпен тоқсан сайынғы есептік кездесуіне байланысты, 2021 жылғы 7-14 сәуір аралығында түйінді мәселелер тізбесі жүргізілуде, оларды Сіздер қала әкімінің ресми сайтына, ardak_kantarbaev – Instagram, Ардақ Қаңтарбаев – Facebook және 8 707 334 92 90 нөмірі арқылы қала әкімінің What’sApp жүйесіне жолдай аласыздар.
«Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ