Меню

Страницы

Статья

ӨҢІР БИЗНЕСІН «АЛТЫН САПА» БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ

Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасы ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алу байқауына қатысуға өтінімдер қабылдау басталғанын хабарлайды

Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Серік Байсейітов ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алу байқауы жыл сайын конкурстық негізде ұйымның өнім сапасы бойынша және/немесе олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметтер, сондай-ақ ұйымның сапа менеджментінің жоғары тиімді әдістерін енгізу үшін айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізгені үшін берілетінін айтты.

«Байқауға қатысушылар комиссияға кемінде үш жыл мерзімге ұсынылатын өнімдердің немесе қызметтердің жоғары сапасын растауы керек. «Алтын сапа» байқауына қатысуға өтінімдер 2021 жылдың 1 шілдесіне дейін қабылданады. Байқауға қатысуға қатысты толық ақпаратты www.altynsapa.kz сайтынан алуға болады», – деді Серік Байсейітов.

Байқауға ұйымдар төрт аталым бойынша қатысады:

- «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын»;

- «Халыққа арналған тауар шығаратын үздік кәсіпорын»;

- «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын»;

- «Азық-түлік тауарлары және/немесе ауылшаруашылық өнімдерін шығарушы үздік кәсіпорын».

 

 Әр аталымда келесі санаттар бойынша үш сыйлық беріледі:

- шағын кәсіпкерлік субъектісі;

- орта кәсіпкерлік субъектісі;

- ірі кәсіпкерлік субъектісі.

 

Сыйлық лауреаттары атағын алған қатысушылар Сыйлық берілгеннен кейін төрт жыл ішінде сыйлық эмблемасын жарнамалық мақсаттарда пайдалануға құқылы.

Павлодар облысында «Алтын сапа» сыйлығын алу байқауының өткен жылдардағы жеңімпаз кәсіпорындар:

 

2015 жылы – «KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС – үздік индустриялық жобасы

2016 жылы – «Сапа жетекшісі» арнайы сыйлығы – «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ

2017 жылы –   «Giessenhaus» ЖШС – «Үздік өнеркәсіптік жоба»

2019 жылы – Халықаралық «Бизнес Кемелділік» сыйлығы – «Іскерлік шеберлік» «ТЕМІРМАШ Павлодар зауыты» ЖШС, ал «ISKER» сыйлығына «Айсберг ПВ» ЖШС ие болды.

2020 жылы – «KSP Steel» ЖШС Павлодар филиалы – үздік инновациялық жоба атанды.

«Құрметті кәсіпкерлер, сіздерді «Алтын сапа» байқауына қатысуға шақырамыз. Марапаттау рәсімі жыл сайын ҚР Президентінің қатысуымен салтанатты марапаттаумен өтеді. Толық ақпарат алу үшін «Алтын сапаның» әлеуметтік желілердегі ресми парақшасына және www.altynsapa.kz сайтына жазылу керек. Кеңесті Павлодар қаласы Кәсіпкерлер палатасында: Павлодар қаласы, Луговая көшесі, 16 мекенжайы бойынша және 8 (7182) 65-44-12 (ішкі 5523, 5552) телефондары арқылы алуға болады», – деді Серік Байсейітов.

 

Дата публикации
31 марта 2021
Дата обновления
31 марта 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Бейнероликтер
21 октября 2026
Аудиороликтер
20 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Павлодар облыстық және Екібастұз қалалық мәслихаттары депуттарының сайлауы бойынша Екібастұз қаласы сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәлімет

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы