2021 жылдың 31 наурызында «Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» КММ-де Монтессори кабинеті ашылды.
Монтессори - бұл бүкіл әлемге белгілі балалардың табиғи дамуына мүмкіндік беретін бірегей әдіс. Монтессори педагогикасының 100 жылдық тарихы бар және ол балалардың өзін-өзі дамыту идеясына негізделген.
Қазақстанда алғашқы Монтессори-сыныптары 2005 жылы ашылды. Жылдан жылға оның ауқымы кеңейіп өңірлік филиалдармен көбее түсуде. Сондай-ақ, Монтессоридің қиын өмірлік жағдайдағы балаларды дамыту жұмыстарына қолдау көрсетуге бағытталған өзіндік әлеуметтік жобалары бар.
«Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» КММ-де Монтессори кабинетінің ашылуы да әлеуметтік жобаның бір бөлігі болып табылады. Оның мақсаты: баланы қоршаған ортаға бейімдеу, шығармашылық әлеуетін ашу және дағдыларға үйрету.
Монтессори әдістемесі бойынша сабақтар кезінде балалар сөздік қорын жетілдіре отырып, зияткерлік тұрғыдан дамитын болады және басқа балалармен ортақ тіл табады. Осы уақытқа дейін бұл бағдарлама баланың психологиялық, физикалық және эмоционалды денсаулығына оң әсер ететіндігі дәлелденген болатын.
14 жастан бастап «Қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығында» тұрып жатқан балалар Шаштараз шебері, лэшмейкер және маникюр шебері сияқты мамандықтарды меңгеріп шыға алады. Оқыту аяқталған оң түлектер арнайы сертификат иеленіп одан әрі жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады.