Қоғам үшін ашықтық, жұмыста ашықтық – «Екібастұз қалалық қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ қызметкерлері қызметінің басты ұстанымы.
Басқарманың негізгі міндеті –қызметтегі сыбайлас жемқорлық салаларын алдын ала анықтау және сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін факторларды жою. Бұл бағыттағы алдын алу жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі. Қол жетімді орындарда орнатылған стендтерде сенім телефондарының нөмірлері және Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілдің деректері, байланыс телефондары мен электрондық мекенжайы көрсетілген, БАҚ арқылы азаматтарға жеткізілді.
Қызметтік этика нормаларының сақталуына, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық климаттың жағдайына мониторинг жүргізу мақсатында әдеп жөніндегі уәкіл тоқсан сайын басқарма қызметкерлеріне анонимді сауалнама жүргізеді.
ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Павлодар облысы
санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 2021 жылға арналған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша жұмыс тобы бекітілді.
Өткен кезеңде басқарма басшылары мен қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері анықталған жоқ.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Екібастұз қалалық басқармасы нақты жұмыстар жүргізуде. Басқармаға келушілерді өткізу режимі ұйымдастырылған, құжаттарды қабылдау кеңсе арқылы «бір терезе» қағидаты бойынша жүзеге асырылады. Азаматтардың өтініштері бойынша жұмыс «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңына сәйкес жүргізіледі, барлық өтініштер заңмен белгіленген мерзімде қаралады. Күн сайын сағат 9-дан 18.30-ға дейін жұмыс істейтін келушілерге кеңес беру бөлмесі жабдықталған. Ғимаратқа кіре берісте шағымдарды қабылдауға арналған жәшік орнатылған. Басқарма ғимараты бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Басқарма қызметкерлері құқықтық жалпы оқыту бойынша үнемі білімдерін жетіктіреді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы білу деңгейін арттыру бойынша семинарлар өткізіледі.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерін болдырмау мақсатында Басқармада халыққа арналған «Саll-орталық» телефоны 8(7187)77-50-24, сондай-ақ «Сенім телефоны» 8(7187)77-49-74 жұмыс істейді.
Екібастұз қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Г. Шайкенова