Меню

Страницы

Статья

Патент иесінің айрықша құқықтары. Селекциялық жетістікке патент алу тәртібі

Патент иеленушіге қорғалатын Өнеркәсіптік меншік объектісін өз қалауы бойынша пайдалануға айрықша құқық беріледі.

Қорғалатын Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға айрықша құқықты патент иеленуші осы қорғау құжатын беру туралы мәліметтер ресми бюллетеньде жарияланған күннен бастап қорғау құжатының қолданылу кезеңінде жүзеге асырады.

Қорғалатын Өнеркәсіптік меншік объектісі бар өнімді дайындау, қолдану, әкелу, сатуға ұсыну, сату, азаматтық айналымға өзгеше енгізу немесе осы мақсатта сақтау, сондай-ақ қорғалатын тәсілді қолдану өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалану деп танылады.

Өнім қорғалатын өнертабысы немесе пайдалы моделі бар деп танылады, ал қорғалатын тәсіл, егер өнімде формуланың тәуелсіз тармағында келтірілген өнертабыстың, пайдалы модельдің әрбір белгісі немесе техниканың осы саласында пайдалану басталған күнге осындай ретінде белгілі оған баламалы белгі болса, қолдануға болады деп танылады.

Тікелей осы тәсілмен дайындалған өнімді азаматтық айналымға енгізу не осы мақсатта сақтау өнімді алудың қорғалатын тәсілін пайдалану деп танылады.

Егер өнімде бұйымның кескіндерінде (макетінде) көрсетілген және елеулі белгілер тізбесінде келтірілген оның барлық маңызды белгілері болса, ол қорғалатын өнеркәсіптік үлгісі бар деп танылады.

Патент иеленуші Өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалануға міндетті.

Қорғау құжаты бірнеше адамға тиесілі Өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалану жөніндегі өзара қарым-қатынастар олардың арасындағы келісіммен айқындалады. Мұндай келісім болмаған кезде патент иеленушілердің әрқайсысы қорғалатын объектіні өз қалауы бойынша пайдалана алады, бірақ басқа патент иеленушілердің келісімінсіз оған лицензия беруге немесе қорғау құжатын басқа адамға беруге құқылы емес.

Патент иеленуші қолданылатын өнеркәсіптік меншік объектісінің патенттелгенін көрсететін ескерту таңбасын пайдалана алады.

Патент иеленуші Өнеркәсіптік меншік объектісін пайдаланбаған және ол қолайлы коммерциялық шарттармен лицензиялық шарт жасасудан бас тартқан кезде, Егер Өнеркәсіптік меншік объектісі осындай өтініш берілген күннің алдындағы кез келген үш жыл ішінде өнеркәсіптік меншік объектісіне қорғау құжатын беру туралы мәліметтер алғаш жарияланғаннан кейін үздіксіз пайдаланылмаса, кез келген тұлға сұрау салынған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күн ішінде өзіне мәжбүрлі ерекше емес лицензия беру туралы өтінішпен Егер патент иеленуші пайдаланбауының құқыққа сыйымды себептерге байланысты екенін дәлелдемесе, сот аталған лицензияны пайдалану шектерін, мерзімдерін, төлемдердің мөлшері мен тәртібін айқындай отырып береді. Төлемдердің мөлшері қалыптасқан практикаға сәйкес айқындалған лицензияның нарықтық бағасынан төмен белгіленбеуге тиіс.

Селекциялық жетістікке патент алу үшін өтінім ресімдеп, оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институтына беру қажет. Өтінім бойынша белгіленген тәртіппен алдын ала сараптама жүргізіледі. Алдын ала сараптаманың оң нәтижесін алған кезде уәкілетті орган (Әділет министрлігі) өтінімді одан әрі қарау туралы шешім қабылдайды. Өтінімнің және селекциялық жетістік сауалнамасының көшірмелері ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссияға және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның тұқымдарды сынау және байқаудан өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссиясына (бұдан әрі - мемлекеттік комиссиялар) жіберіледі. Уәкілетті орган мемлекеттік комиссияның қорытындысы негізінде селекциялық жетістікке патент беру туралы шешім шығарады. Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдары сорттарының патент қабілеттілігіне сынақ жүргізгені үшін ақы алады.

Селекциялық жетістікке патент алуға байланысты заңдық маңызы бар іс-әрекеттер жасағаны үшін ақы төлеу Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 368 бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны іске асыратын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бағаларымен" белгіленеді.

 

Кәдөш Н.С. Екібастұз қаласының ауданаралық

әділет басқармасының басшысы,

«ҚЗО» РҚБ Павлодарлық филиалының мүшесі

 

Дата публикации
11 марта 2021
Дата обновления
11 марта 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Бейнероликтер
21 октября 2026
Аудиороликтер
20 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Павлодар облыстық және Екібастұз қалалық мәслихаттары депуттарының сайлауы бойынша Екібастұз қаласы сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәлімет

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы