Қазіргі уақытта Қазақстанда дәстүрлі және жаңа бағыттағы 4 мыңнан астам діни бірлестік бар. Сонымен қатар, соңғы уақытта Қазақстан үшін дәстүрлі діндер – ислам мен православиеден басқа түрлі бағыттағы жаңа діни ағымдар пайда бола бастады. Қоғамдық ортадағы террористік және экстремистік көріністерге қарсы күрестің негізгі бағыттарының бірі олардың алдын алу болып табылады.
Қызметкерлер арасында мұндай алдын алу жұмыстарын жүргізу ерекше маңызды, өйткені дәл осы орта бірқатар түрлі факторларға байланысты әртүрлі қоғамға қарсы және қылмыстық топтардың теріс әсеріне ұшырау тұрғысынан ең осал топтардың бірі болып табылады.
Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, біздің жас жігіттерді деструктивті діни ағымдар қатарына тарту қаупі мәселесі, өкінішке орай, әлі де ашық күйінде қалып отыр. Осыған байланысты, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мемлекеттік саясаттың басым мәселесі болып табылады.
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында Екібастұз қаласына қарасты №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің оқу сыныбында жеке құрамның "Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы" КММ қызметкерлерімен және Екібастұз қаласы орталық мешітінің наиб-имамы Салманов Дидар Мұратұлымен кездесуі өткізілді. Бұл жұмыс насихат фактілері мен экстремистік көріністердің пайда болуының алғышарттарын ерте анықтау және алдын-алу болып табылады.
Сондай-ақ, спикер мұндай іс-шаралар өте қажет деп қосты, өйткені қазір біздің елімізде ғана емес, бүкіл әлемде көптеген деструктивті діни ағымдар пайда болады, егер адам біліммен қаруланбаса, олардың ықпалына түсу өте оңай.
Кездесу соңында қызметкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауаптар алды және бөлінген уақыт үшін алғыстарын білдірді.
2-МӨСБ бастығының орынбасары
азаматтық қорғау майоры
К.Жұмабай