Екібастұз қаласына қарасты №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің оқу сыныбында қызметтік және жеке автокөліктегі жол-көлік оқиғалары фактілерінің алдын алу және ескерту мақсатында жеке автокөлігі бар қызметкерлермен және өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші қызметкерлерімен семинар өткізілді.
Сабақты Екібастұз қаласы ПБ жергілікті полиция қызметінің қоғамдық тәртіпті қорғау және жол қауіпсіздігі тобының аға инспекторы полиция майоры Жәнібек Қасымов өткізді. Сабақта Ж.М. Қасымов 2021 жылдың қаңтар айында орын алған ЖКО талдауын оқып, өрт сөндіру автомобильдері жүргізушілерінің құқықтары мен міндеттерін, олардың әріптестерінің денсаулығы мен өмірі үшін жауапкершілігін, сондай-ақ қаланың халық тығыз орналасқан аудандарында жол жүру ерекшеліктерін түсіндірді. Бұдан басқа, 2021 жылғы 16 ақпанда "Алматы қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметі және АҚЖҚ" ММ 3-МӨСБ қызметкерлерінің жол-көлік оқиғасы фактілері, олардың пайда болу себептері егжей-тегжейлі зерделенді.
Сабақ барысында жедел және арнайы автомобильдердің қиылыстарында жүруді реттейтін жол қозғалысы ережелерінің талаптары қосымша зерттелді. Сондай-ақ, спикер жүргізуші құрамына басқа көлік құралдарынан артықшылық алу үшін жедел және арнайы қызметтердің көлік құралдарының жүргізушілері көк түсті маяк пен арнайы дыбыстық сигналды іске қосуы тиіс екенін жеткізді. Басымдылықты өздеріне жол берілгеніне көз жеткізгеннен кейін ғана, сондай-ақ алкогольдік және есірткілік мас күйде көлік құралдарын басқарудағы әкімшілік құқық бұзушылық шаралары және әкімшілік заңдылықтың талаптарын бұзудың алдын алу арқылы ғана пайдалануға болады.
Қызметкерлер қызметтік және жеке автокөліктерде жол қозғалысы ережелеріне қатысты сұрақтар қойып, оларға толық түсіндіру жауабын алды.
2-МӨСБ бастығының орынбасары
азаматтық қорғау майоры
К.Жұмабай