Меню

Страницы

Статья

Өнертабысты, пайдалы модельді, өнеркәсіптік үлгіні құқықтық қорғау шарттары

1. Құқық өнертабысқа, пайдалы модельге және өнеркәсіптік үлгіге құқық патентпен қорғалады.

2. Құқықтық қорғау берілетін өнертабыс деп жаңа болып табылатын, өнертапқыштық деңгейі бар және өнеркәсіпте қолданылатын техникалық шешім танылады.

3. Жаңа және өнеркәсіпте қолдануға болатын техникалық шешім құқықтық қорғау берілетін пайдалы модель деп танылады.

4. Бұйымның сыртқы түрін айқындайтын және жаңа, бірегей болып табылатын көркем-конструкторлық шешім құқықтық қорғау берілетін өнеркәсіптік үлгі деп танылады.

5. Патент алу құқығы туындайтын өнертабыстың, пайдалы модельдің, өнеркәсіптік үлгінің патентке қабілеттілік шарттарына қойылатын талаптар "Қазақстан Республикасының Патенттік заңы"Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.

6. Патенттелмейтін техникалық шешімдердің, бұйымдардың көркем-конструкторлық шешімдерінің тізбесі заң актілерімен белгіленеді.

Кәдөш Н.С. Екібастұз қаласының ауданаралық

әділет басқармасының басшысы,

«ҚЗО» РҚБ Павлодарлық филиалының мүшесі

Дата публикации
18 февраля 2021
Дата обновления
18 февраля 2021
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

21 октября 2026
Бейнероликтер
21 октября 2026
Аудиороликтер
20 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Павлодар облыстық және Екібастұз қалалық мәслихаттары депуттарының сайлауы бойынша Екібастұз қаласы сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәлімет

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы