Екібастұз қаласына қарасты №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің газ-түтіннен қорғаушыларымен ГРЭС-1 станцияға қарасты ӨСЖАҚС түтін камерасында жаттығу өткізілді.
Жаттығудың тақырыбы тыныс алуға жарамсыз ортада газ-түтіннен қорғаушыларды MSA «AUER» BD 96 SL тыныс алу аппаратарымен жұмысқа даярлау және оқыту.
Сергіту сәтінен кейін тыныс жарамсыз ортада арнайы жаттығулар әзірленді:
1. "Зардап шеккенді" (манекенді ) табу және оны таза ауаға шығару мақсатымен барлау жүргізу;
2. "Өрт ошағын" табу және "жануды" жою мақсатымен барлау жүргізу.
Жаттығу өткізу барысындағы дайындықтың негізгі міндеттері тыныс алу органдарын қорғау кұралдарын: газдан,түтіннен қорғау кызметінің басқа да техникалық кұралдарын пайдалану жөніндегі білімдері мен дағдыларын қалыптастыру және кажетті денгейде сақтау, сонымен қатар тыныс алуга жарамсыз ортада өрт сондіру және апаттық-құткару жұмыстарын жүргізу кезіндегі үйлесімді ұжымдық әрекеттердің тиімді түрлері мен тәсілдерін үйрету, олардың байқағыштықтарын, дене жүктемелеріне төзімділіктерін және өзге де кәсіби-психологиялық сапалары мен дағдыларын дамыту болып табылады. Газдан, түтіннен организімді жеке қорғау қызметі бөлімшелеріндегі қызметкерлердін кәсіби санасын, өз әрекеттеріне деген жауапкершіліктерін, өздерінің кәсіби шеберліктерін ұдайы жетілдіруге талпыныстарын калыптастыру.
2-МӨСБ бастығының орынбасары
азаматтық қорғау майоры
К.Жұмабай