Меню

Страницы

Статья

Тұрғын үйлерді өрттен қорғайық!

Жылу беру кезеңінде пеш салдарынан өрт  негізінен жер үйлер, шаруашылық құрылыстар, моншаларда шығады. Қайғылы жағдайға негізінен пештердің түтін шығару жүйесі мен пешке қызмет көрсету тәртібінің болмауынан, оларды пайдалану ережелері бұзылуынан душар болады. 

Статистикалық сандар 2018 жылдың 12 айы ішінде Екібастуз қаласы аумағында Пешті салудағы және пайдаланудағы өрт қауіпсіздік ережелерін бұзу салдарынан 12 өрт болды. Жану жағдайлары ақауы бар пештердің  қатты қызуынан құрылымдарының бөліктеріне жылу әсерінен және түтін шығару жүйесінің бөлулерінің болмауы немесе жетпеуінен, пештің жағатын бөлігі мен құрылымдарының арасындағы нормативтік аралығының болмауынан болады.  Пеш жағудан шыққан өрттің жандыру көзі болып, жанып жатқан отын немесе қаракүйенің жалыны, жоғары теператураға дейін қыздырылған жағатын газдар, ұшқындар (қатты отынның жанып кетпеген бөлшектері), бықсып жатқан қөмір.

 Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы пешті  салу және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін бұзу себебінен өрттерді болдырмау және олардан қайғылы зардаптар көрмеу үшін өрт қауіпсіздік шараларын естеріңізге салады: Пеш жағу маусымы басталар алдында жылыту құрылғыларының жағдайын тексеріп, керек болған жағдайда жөндеуден өткізіп, өңдеп және әктеп, пеш құдықтарын күлден тазарту керек. Әр пеште жеке түтін мойыны немесе құдық қарастырылуы қажет. Түтін мұржаларын балшық кірпіштен жасап, тігінен орнатып,  қабырғасының қалыңдығы 120 мм болатындай етіп жобалау керек. Түтін мұржаларының биіктігі колосниктің торынан бастап мұржаның сағасына дейін  5 метрден кем болмауы керек. Пешті тек қана ересек адамдар жағу керек, пеш жағуды және жанып  жатқан пешті қарауды балаларға немесе мас адамдарға тапсыруға болмайды. Жанып жатқан пешті  қараусыз қалдыруға немесе оны есігін ашып қойып жағуға болмайды. Пештің есігінің алдында еденге 50х70 см темір қаңылтыр қағу керек. Пештің  есігінен өртке қарсы қабырғаға дейінгі аралық 1250 мм ден кем болмауы қажет. Қатаң тыйым салынады: Пешті бензинмен, керосинмен, соляркамен және басқадай жеңіл от алғыш заттармен тұтатуға, бұл өте қауіпті. Пешті қатты қыздыруға, жағу ұзақтығы 3 сағаттан аспауы керек. Пешке жиһазды, басқа жанатын заттарды жақын қоюға болмайды. Пеште және оған жақын жерде ағашты, киім-кешекті және басқадай жанғыш заттарды кептіруге болмайды. 

Екібастұз қаласы ТЖ басқармасы

Мемлекеттік өрт қадағалау бөлімінің аға инженері 

Е.Рогожина

 

 

Дата публикации
22 января 2021
Дата обновления
22 января 2021
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

21 октября 2026
Бейнероликтер
21 октября 2026
Аудиороликтер
20 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Павлодар облыстық және Екібастұз қалалық мәслихаттары депуттарының сайлауы бойынша Екібастұз қаласы сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәлімет

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы