Мектеп тәрбиеленушілері арасында өртке қарсы насихаттау тәрбие-білім беру үдерісіндегі маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Осы іс-шаралар аясында қала мектептерінде балалармен өрт қауіпсіздігі бойынша сынып сағаттары өткізіледі, онда балаларға өрт қауіпсіздігі ережелерін айтып, өрт шыққан кездегі іс-қимылдарға, алғашқы өрт сөндіру құралдарын қалай пайдалануға үйретеді. Ойын түрінде өрттің пайда болу жағдайларын және осы жағдайда баланың не істеу керектігін қарастырылады.
Әр мектепте "Жас құтқарушы және өрт сөндіруші"үйірмесі бар. Осы үйірмелер жыл сайын қалалық, содан кейін облыстық конкурстарға қатысады.
Балалар өз қолдарымен пластилиннен, қағаздан және басқа да қолда бар материалдардан түрлі бұйымдар жасайды.
Бұл жағдайда өрт қауіпсіздігі жай ғана ережелері жинағы ғана емес, ол мұғалімдер мен ата-аналардың міндеттеріне барлық оқушылар осы ережелерді меңгеріп, күнделікті өмірде қолдануын мұқият бақылау кіреді. Балаларды тек қана оқытып қана қоймай, оларға отпен дұрыс әрекет ету дағдыларын үйретіп, өрт кезінде өзін қалай ұстау керектігін айтып, көрсете отырып, тәрбиелейді.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, балалар арасында балалардың отпен ойнауынан болатын өрттердің алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырлады.
Екібастұз қ. ТЖБ аға инженері
азаматтық қорғау подполковнигі
Рогожина Е. С.