2020 жылдың 12 айында 21 отырыс өткізілді, онда 75 жеке іс қаралды (52 іс – кәмелетке толмағандарға қатысты, 23 іс – олардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне қатысты).
Комиссия отырысына ұсынылған әрбір қаралған материалға қатысты тиісті қаулы қабылданды. Білім бөлімі басшысының өтініші бойынша - 7, жалпы орта білім беретін мектеп директорларының - 23, қала колледждерінің басшыларының - 21, қалалық полиция басқармасы ЖПҚ бастығының ұсынысы бойынша – 19, заңды өкілдердің өтініші негізінде - 5 материал қаралды.
Комиссия отырыстарының хаттамаларын талдаудан кәмелетке толмаған балаларға қатысты оларды басқа оқу орнына ауыстыру мәселесі бойынша 22 материал қаралғанын, №33 ЖОБМ –ден кәмелетке толмаған 8 баланың кешкі оқу түріне (жасөспірім қыздардың жұмысқа орналасуы және жүктілігі себебінен) және қала колледждерінің 14 оқушысын жалпы орта білім беретін мектептерге ауыстыруға қатысты материалдар қаралғанын көруге болады.
2020 жылы комиссия отырыстарында кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу, оқыту, бағып-күту, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерден жалтарған, мінез-құлқы балаларға теріс әсер ететін ата-аналарға қатысты 31 жеке іс қаралды.
Комиссияның ұсынысы негізінде кәмелетке толмаған 12 баланың 8 ата-анасына қатысты ата-ана құқықтарын шектеу туралы, 2 ата-анаға қатысты балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту жөнінде қалалық сотқа талап арыз жіберу туралы қаулы шығарылды.
Сот 4 ата-анаға қатысты талап арыздарды қанағаттандырды, ата –аналарының түзелуіне байланысты қорғаншылық және қамқоршылық органы 2 ата-анаға қатысты материалдарды сотқа жібермеді, ата-ана құқықтарын шектеу туралы екі материал соттың іс жүргізуінде.
Комиссияның ұсынысы бойынша қамқоршы Л.Т.В. Екібастұз қаласы әкімдігінің 16.10.2020 жылғы №691/9 қаулысымен қамқоршы міндеттерінен босатылды.
Ұсынылған материалдарды қарау кезінде балаларды тәрбиелеуден жалтарған, қоғамға әлеуметке жат өмір салтын жүргізетін, өз іс-әрекеттерімен балаларды қаңғыбастыққа және құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасауға итермелейтін ата-аналарға және заңды өкілдерге қатысты алдын алу жұмыстарына, сондай-ақ балалардың заңды мүдделерін қорғауға ерекше назар аударылды.
Комиссия 52 кәмелетке толмағанды тәрбиелеу және оқыту бойынша өз міндеттерін орындамайтын кәмелетке толмағандардың 23 ата-анасы мен өзге де заңды өкілдерінің жауаптылығы туралы ескерту жөнінде шешім қабылдады.
Кәмелетке толмаған бір адамға қатысты материал соттың іс жүргізуінде.
Комиссия отырыстарын өткізу барысында мемлекеттен көмекке мұқтаж кәмелетке толмаған балалар анықталды, оларға қатысты комиссия шешімімен мынадай шаралар қабылданды: 3 кәмелетке толмағанның тұрғылықты жерін анықтау және 5 кәмелетке толмағанды оқыту, қамқоршылық-2, құжаттарды ресімдеу-4, медициналық тексеруден тегін өту - 8, ата - ана құқықтарын шектеу - 4, материалдық көмек көрсету - 7, сондай - ақ тұрғын үй мәселелері - 3.
Кәмелетке толмағандардың және олардың ата-аналарының жеке істерін қараудан басқа, комиссия отырысында 62 жоспарлы мәселе (балалардың бос уақытын ұйымдастыру және жұмыспен қамту, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мәселелері және басқалар) қаралды.
Қалалық ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімшесі бастығының, білім беру, мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт, жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі басшыларының, қала емханалары мен ЕҚА бас дәрігерлерінің есептері тыңдалды. Аталған мәселелерді қарау қорытындысы бойынша тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.
Жоспарлы мәселелерді қарау қорытындысы бойынша комиссия төрағасы 114 хаттамалық тапсырма берді, оның ішінде 105 – і орындалды (оның ішінде 8 тапсырма тұрақты бақылауда), 6 тапсырма орындалуда.
Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырыстарында берілген қаулылар мен хаттамалық тапсырмалардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру жалғасатын болады.