1. Құқық өнертабысқа, пайдалы модельге және өнеркәсіптік үлгіге құқық патентпен қорғалады.
2. Пайдалы модельге Патент пайдалы модельге патент беруге арналған өтінімге сараптама нәтижелері бойынша беріледі.
Өнертабысқа және өнеркәсіптік үлгіге Патент өтінімге формальды сараптама және мәні бойынша сараптама жүргізілгеннен кейін беріледі.
Патент Өнеркәсіптік меншік объектісіне басымдықты, авторлықты және айрықша құқықты куәландырады.
3. Өнертабысқа Патент өтінім берілген күннен бастап жиырма жыл бойы қолданылады.
Қолданылуы үшін Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен рұқсаттар алу талап етілетін дәрілік затқа, пестицидке жататын өнертабыстарға қатысты айрықша құқықтың және осы құқықты куәландыратын патенттің қолданылу мерзімі патент иеленушінің өтінішхаты бойынша, бірақ бес жылдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
Көрсетілген мерзім бес жыл шегеріле отырып, өнертабысқа патент беруге өтінім берілген күннен бастап өнертабысты қолдануға алғашқы рұқсат алынған күнге дейінгі өткен уақытқа ұзартылады.
Пайдалы модельге Патент өтінім берілген күннен бастап бес жыл бойы қолданылады. Оның қолданылу мерзімі патент иеленушінің өтініші бойынша, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
Өнеркәсіптік үлгіге Патент өтінім берілген күннен бастап он бес жыл бойы қолданылады. Оның қолданылу мерзімі патент иеленушінің өтініші бойынша, бірақ бес жылдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
4. Патент беретін құқықтық қорғау көлемі: өнертабысқа және пайдалы модельге - олардың формуласымен, ал өнеркәсіптік үлгіге - бұйымның сыртқы түрінің суреттерінде көрсетілген оның елеулі белгілерінің жиынтығымен айқындалады. Өнертабыс формуласын, пайдалы модельді түсіндіру үшін сипаттама мен сызбалар пайдаланылуы мүмкін.
Өнімді алу тәсіліне берілген қорғау құжатының күші осы әдіспен тікелей алынған өнімге де қолданылады.
Бұл ретте, егер өзгеше дәлелденбесе, жаңа өнім қорғау тәсілімен алынған болып есептеледі.
5. Қорғау құжатын алу құқығы, өтінімді тіркеуден туындайтын құқықтар, қорғау құжатын иелену құқығы және қорғау құжатынан туындайтын құқықтар толық немесе ішінара басқа адамға берілуі мүмкін.
6. Мемлекет құпия деп таныған Өнеркәсіптік меншік объектілеріне осы Заңға сәйкес құқықтық қорғау берілмейді. Құпия өнеркәсіптік меншік объектілерімен жұмыс істеу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Кәдөш Н.С. Екібастұз қаласының ауданаралық
әділет басқармасының басшысы,
«ҚЗО» РҚБ Павлодарлық филиалының мүшесі