Меню

Страницы

Статья

Қыста жолдарда абай болыңыз!

Құрметті Екібастұз өңірінің тұрғындары мен қонақтары, Екібастұз қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы қысқы кезеңде жолдардағы қауіп-қатерлер, атап айтқанда қар құрсаулары туралы ескертеді. Ең алдымен, автокөлік жүргізушілері жолға шыққанға дейін жақын арада ауа-райы болжамын зерттеуі керек. Алдағы боран жағдайында, егер басқа елді мекенге жетудің аса қажеттілігі болса, теміржол көлігін пайдаланып, жеке автокөлікпен жүруден бас тартқан жөн.

Жыл сайын қыс мезгілінде автомобильдерде көптеген адамдар қар астында қалады. 2019 жылғы қысқы кезеңде барлығы 7 шығу, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге-7 шығу жасалды. құтқару-ұстау жұмыстарын жүргізуге-1. 1 бала құтқарылды, 11 адам эвакуацияланды, оның ішінде 1 бала.

Қысқы сапарға шықпас бұрын сізге:

1. Ауа-райы болжамын мұқият оқып шығыңыз;

2.Қозғалыс үшін қандай жолдар жабылуы мүмкін екенін нақтылаңыз. Ақпаратты «ҚазАвтоЖол» ҰК сайтында жабық учаскелердің толық картасымен танысуға немесе 1403 бірыңғай телефоны, 112 құтқару қызметінің телефоны бойынша, сондай-ақ «Darmen» мобильді бағдарлама көмегімен анықтауға болады;

«112» қызметінен ресми дауылды ескерту алған кезде елді мекендерге барудан және шығудан аулақ болыңыз.

Жолға шығу кезінде міндетті түрде машинада қосалқы доңғалақ, домкрат, баллон кілті, ремкомплект, сорғы, аккумуляторды қайта зарядтауға арналған кабель, авариялық тоқтау белгісі, өрт сөндіргіш және дәрі қобдишасы болуы тиіс. Ең бастысы, автомобиль техникалық жарамды күйде болуы керек.

Екібастұз қаласының ТЖ басқармасы

азаматтық қорғаныс тобының офицері

лейтенант Жапалбай Т. М.

Дата публикации
24 декабря 2020
Дата обновления
24 декабря 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

20 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Павлодар облыстық және Екібастұз қалалық мәслихаттары депуттарының сайлауы бойынша Екібастұз қаласы сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәлімет
16 октября 2026
Ақпарат
15 октября 2026
Call-орталық жұмыс істейтінін хабарлаймыз

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы