Меню

Страницы

Статья

Павлодарлықтар жылжымайтын мүліктің техникалық паспортын электронды түрде ала алады

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қараша айынан бастап мұндай мүмкіндік тек астана мен Шымкент қаласының тұрғындарында болған. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп, аталған мемлекеттік қызметті Қазақстанның барлық өңірінің тұрғындары egov.kz электрондық үкімет порталынан ала алатындай етті. Жаңа қызмет Павлодар облысы тұрғындарына ХҚО-ға бармай-ақ, жылжымайтын мүлік техпаспортын онлайн алуға мүмкіндік береді.

«Электрондық техпаспортты электронды үкімет порталында алу үшін «Жылжымайтын мүлік» бөліміне кіріп, «Жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортын алуға электронды өтініш беру» қызметін таңдау қажет. Пәтерлердің, жатақхана бөлмелерінің, жеке гараждардың және саяжай құрылыстарының құқық иелері онлайн сұрау салғаннан кейін тізімде көрсетілген құжаттарды тіркеуі қажет», - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның» облыстық филиал директоры Фархат Әлімов.

Құжатты дайындау мерзімі жылжымайтын мүлік түріне байланысты. Техникалық тексеру қорытындысы бойынша пәтердің, жатақханалардағы бөлменің техпаспорты үш жұмыс күні, жеке гараждар мен саяжай құрылыстарына бес жұмыс күні өткен соң беріледі.

Пәтер, жатақхана бөлмесі, жеке гараждар мен саяжай құрылыстарына рәсімделетін электронды техпаспорт ХҚО-да қолтаңбамен расталып, мөр басылып берілетін құжаттағыдай бірдей деректерді қамтиды. Техпаспорттың электронды баламасы Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге тартылған қызметкерлердің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен расталатын болады.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында жүзеге асырылған пилоттық жоба аясында 12 мыңнан астам қазақстандық жаңа техпаспортты электронды тәсілмен алған.

Дата публикации
22 декабря 2020
Дата обновления
22 декабря 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

21 октября 2026
Бейнероликтер
21 октября 2026
Аудиороликтер
20 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Павлодар облыстық және Екібастұз қалалық мәслихаттары депуттарының сайлауы бойынша Екібастұз қаласы сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәлімет

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы