Қала әкімінің орынбасары М.Д. Маликованың төрағалығымен өткен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысында № 17 ЖОБМ және № 23 ЖОБМ директорларының сабақтан тыс уақытта профилактикалық есепте тұрған оқушыларды жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі есептері тыңдалды.
Сондай – ақ, № 18 ЖОБМ және № 24 мектеп-гимназиясында қашықтықтан оқыту режимінде балалармен және жасөспірімдермен алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері қаралды.
Комиссия шешімімен, заңды өкілдерден келіп түскен өтініштерге сәйкес, балалардың білім алуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау мақсатында қала колледждерінің кәмелетке толмаған үш студенті орта жалпы білім беретін мектепке ауыстырылды. Оқушыларды ауыстыру себебі, олардың таңдаған мамандығы бойынша оқуға деген ықыласының және ақылы негізде оқуға қаржылық мүмкіндігінің болмауы болып табылады.
Екібастұз қаласы полиция басқармасы әкімшілігінің 1985 жылы туған азаматша А.С.С. кәмелетке толмаған 5 балаға қатысты ата–ана құқықтарын шектеу мәселесі жөніндегі өтінішінен комиссия бас тартты. 1985 ж.т. азаматша А.С.С. өзінің мінез-құлқын және кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға, тәрбиелеуге және оқытуға көзқарасын түзету үшін екі айлық сынақ мерзімі берілді. Бұл мәселе екі айлық мерзім өткеннен кейін қайта қаралатын болады.
Отырыс қорытындысы бойынша тиісті тапсырмалар берілді.