Меню

Страницы

Статья

Жана жылға дайындық!

Жаңа жыл мерекесіне дейін біраз уақыт қалды. Көптеген мектептерде, балабақшаларда, мәдени үйлерде және басқада мекемелерде залдарды көркейту және шыршаны орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өкінішке орай, мереке жүргізушілермен жауапты тұлғалар өрт қауіпсіздігі сұрақтары жөнінде есте сақтап жүрмейді. Жаңа жыл шыршасын жүргізуде және оны құруда, өрт қауіпсіздік талаптарын сақтаулары өте қажет. Шырша берік және мықты орнатылуы керек. Шыршаны әрлі-берлі өтетін немесе шыға берісте орнатпау керек. Қабырғамен шыршаның және төбемен шыршаның  арасы жарты метр болу қажет. Мекеменің баспалдақ торларынан немесе сыртқы шыға берістен, екі эвакуациялық шығу жолдары болу қажет, сонымен бірге өртке қарсы құралдармен қамтамасыз етілу қажет. Шыршаны көркейту барысында, тез жанататын целлуоиданы, мақтаны, қағаздарды  және тағы да басқа тез жанатын  заттарды қолдануға тыйым салынады. Шыршаның иллюминациясын рәсімдеуде, өте тәжірибелі электрмонтаждаушы орнату керек. Шыршаның иллюминациясын арқылы жоғары кернеулі тоқтын төмендететі түсіруші трансформатор арқылы 24 В-тан  жоғары емес кернеуге жеткізілуі тиіс.

Сондай-ақ пиротехника туралы да айту керек. Шартылдақтармен петардалардың  міндетті түрде сертификаты болу керек. Сапасыз сатылған тауарлар тек сатыпалушыларға ғана емес, сатушыларға да қауіпті әсерін тигізеді. Павлодар облысының дүкендерінде сапасыз сатылған тауарлардан өрт оқиғалары болған. Алдағы уақытта адамдарға қауіп төнер жағдай туғызбау үшін және оқиғалар борлдырмау үшін Екібастұз қаласының ТЖ басқарма қызметкерлері полиция қызметкерлерімен бірге сапасыз тауарларды сату орындарында рейд жұмыстарын жүргізеді. Сапасыз тауарларды сатқан кінәлі тұлғалар айыппұл түрімен әкімшілік  жауапкершілікке шақырылады.           

Екібастұз қ. ТЖБ инженері

азаматтық қорғау лейтенанты

Усеев А.Р

 

Дата публикации
04 декабря 2020
Дата обновления
04 декабря 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

21 октября 2026
Бейнероликтер
21 октября 2026
Аудиороликтер
20 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Павлодар облыстық және Екібастұз қалалық мәслихаттары депуттарының сайлауы бойынша Екібастұз қаласы сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәлімет

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы