Меню

Страницы

Статья

Жылжымайтын мүлік мекенжайын нақтылау үшін павлодарлықтарға ХҚО-ға барудың қажеті жоқ

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, мемлекеттік органдардың шешімімен жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайда, өзгерістерді тіркеу құқық иесіне жүктелмейтінін еске салады. Мұндай өзгерістерге, атап айтқанда, елдімекендердің атаулары, көше атаулары, сондай-ақ ғимараттардың және басқа құрылыс нысандарының (мекен-жайлардың) реттік нөмірінің өзгеруі немесе ҚР әкімшілік-аумақтық құрылым реформасына байланысты кадастрлық нөмірлердің ауысуы жатады.

Жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамасы бойынша мемлекеттік органдардың шешімімен енген өзгерістерді мемлекеттік тіркеу мемлекеттік ақпарат жүйелерін өзара ықпалдастыру аясында жүзеге асады.

Енді жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы өзгерген жағдайда, тіркелген құқықтар мен жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық сипаттамалары туралы анықтамада мекенжайдың тарихи деректері қоса көрсетіледі (жаңа мекенжаймен бірге ескі мекенжай атауы да жазылады). Мысалы, Павлодар қ., Малайсары Батыр к-сі, 10 (бұдан бұрын Павлодар қ., Суворов к-сі, 10).

Сонымен қатар құқық белгілеуші құжаттарда алдыңғы мәліметтер сақталады, бұл ретте жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын нақтылау қажет емес.

Дата публикации
24 ноября 2020
Дата обновления
24 ноября 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

21 октября 2026
Бейнероликтер
21 октября 2026
Аудиороликтер
20 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Павлодар облыстық және Екібастұз қалалық мәслихаттары депуттарының сайлауы бойынша Екібастұз қаласы сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәлімет

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы