1. Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды тапсыру мерзімін бұзуы - ескертуге әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған дәл сол іс-әрекет - жеке тұлғаларға он, ал заңды тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Кәдөш Н.С. Екібастұз қаласының ауданаралық
әділет басқармасының басшысы,
«ҚЗО» РҚБ Павлодарлық филиалының мүшесі