Сіздердің назарларыңызға Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерімен 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын және Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын кезекті сайлауға сайлаушылар тізімдерін нақтылау жұмыстары атқарылып жатқанын мәлімдейміз.
Жұмыс кестесі: күн сайын дүйсенбі – жұма сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
сенбі сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін
Жексенбі - демалыс күні
Өзіңіздің конституциялық құқығыңызды пайдаланыңыз, 340002, 340003, 340868 телефондары арқылы өзіңізді сайлаушылар тізімдерінен тексеріңіз.
Оған енгізілген өз деректеріңіздің дұрыстығын тексеріңіз.