2020 жылдың 19 қазанында ТЖ қызметінің құрылғанына 25 жыл толуына орай, "Ержүректіліктің шоқжұлдызы"бейне құттықтау байқауының нәтижесі шығарылды. Бұл байқауға Екібастұз қаласының барлық мектепке дейінгі білім беру нысандары қатысты.
Әрбір балабақша апта бойы Екібастұз қаласы ТЖ басқармасының электрондық поштасына өз құттықтауларын жолдады. Барлық бейне құттықтауларды зерттегеннен кейін келесі номинациялар бойынша төрт орынға бөлінді:
- "Достық құттықтау" номинациясы бойынша "№ 1 балабақшасы дамыту орталығы " КМҚК;
– "Ең ерекше құттықтау" номинациясы бойынша "№20 "Мерей" балабақшасы "көптілді дамыту орталығы" КМҚК;
- "Ең әсерлі құттықтау" номинациясы бойынша "№18 «Гномик» балабақша КМҚК;
- "Ең жас қатысушы" номинациясы бойынша "№10 "Сказка" балабашасы КМҚК.
Аталған балабақша жеңімпаздарына 2-МӨСБ аумағында карантиндік шараларды сақтай отырып, салтанатты түрде дипломдар табыс етілді.
Рогожина Е.С., Екібастұз қаласы
ТЖ басқармасы зілзалалардың
қауіп-қатерін азайту және азаматтық
қорғау саласындағы бақылау
тобының бас маманы,
азаматтық қорғау подполковнигі