Ерболат Шаймарданұлы Шаймарданов Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Павлодар облысы Төтенше жағдайлар Департаментінің зейнеткері облыстың өртке қарсы қызмет жүйесінде 1964 жылдан бастап жұмыс істеген.
1995 жылы денсаулығына байланысты Ішкі істер майоры атағымен отставкаға шықты.
Қызмет барысында өзін сауатты және еңбексүйгіш офицер ретінде көрсете білді. Ауыр климатты жағдайларда қызмет етті. Жеке құрам басшылығына үлкен тәжірибесі бар. Зейнетке шыққаннан кейін және қазіргі уақытқа дейін жас қызметкерлердің тәлімгері.
Ішкі істер Министрлігі «Мінсіз қызметі үшін» ІІІ дәрежелі медалімен- 1979ж, ІІ дәрежелі медалімен -1989 жылы, І дәрежелі медалімен 1989ж. «Кеңес милициясына 50 жыл», медалімен1995 ж, «Еңбек ардагері» медалімен 1995ж, «Павлодар облысына 75 жыл» 2014г. мерейтойлық медалімен, Павлодар облысы ІІБ Құрмет грамоталарымен, 2015 жылы «20-лет служб Граждаснской защиты Республики Казахстан» мерейтой медалімен марапатталған.
Ерболат Шаймарданұлы Шаймарданов – отбасында үлгілі, екі ұлды тәрбиелеп өсірген, олардың бірі Шаймарданов Руслан Ерболатұлы азаматтық қорғау жүйесінде еңбектенеді, Екібастұз қаласының ТЖ басқармасы азаматтық қорғаныс тобының аға офицері лауазымын атқарады.
Ерболат Шаймарданұлы Сізді мерекеңізбен шын жүректен құттықтаймыз отбасыңызға қуатты денсаулық, ұзақта бақытты өмір, отанымыздың алдында адал жасалған еңбектеріңізге ризалығымызды білдіріп рахмет айтамыз.
М. Хамитова.,
Екібастұз қаласының
ТЖ басқармасы зілзалалардың
қауіп-қатерін азайту және азаматтық
қорғау саласындағы бақылау
тобының бас маманы