Меню

Страницы

Статья

Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы жанындағы жас сайлаушылар клубы туралы ереже

 Екібастұз қалалық  аумақтық

сайлау комиссиясының

2025 жылғы «2» қыркүйектегі

№ 39 қаулысымен бекітілген

 

Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

жанындағы жас сайлаушылар клубы туралы

ереже

 

1.Жалпы ережелер

1. Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының жанындағы Жас сайлаушылар клубы (бұдан әрі - Клуб) жас азаматтардың, сайлау процесіне қатысушылардың еркін бірлестігі болып табылады және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 11-1) тармақшасына сәйкес және Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының жұмыс регламенті негізінде құрылады.

Осы Ереже Клуб қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

2. Клуб өз қызметін жүзеге асыру кезінде Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының (бұдан әрі – Екібастұз  ҚАСК) мүшелерімен, сондай-ақ өзге де органдар мен ұйымдармен, азаматтармен өзара іс-қимыл жасайды.

3. Клуб туралы Ереже Екібастұз ҚАСК қаулысымен бекітіледі.

 

2. Жас сайлаушылар клубының мақсаты мен міндеттері

4. Клубты құрудың мақсаты жастардың назарын сайлау процесінің өзекті мәселелеріне аудару, олардың сайлау белсенділігі мен құқықтық мәдениетін арттыру болып табылады.

5. Клубтың негізгі міндеттері:

1)Жастардың сайлауға, қоғам өміріне қатысуға деген қызығушылығын арттыру;

2) Жас азаматтарға консультативтік-әдістемелік көмек көрсету;

3) Жастар арасында сайлау құқықтарын түсіндірудің  заманауи тәсілдерін әзірлеу;

4) Жастардың азаматтық бастамаларын қолдау.

 

3. Жас сайлаушылар клубы мүшелерінің құрамы мен құқықтары

6. Клуб қатысушылары депутаттар, мемлекеттік қызметшілер, білім беру саласының қызметкерлері, жұмысшы жастар, мектеп оқушылары, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері бола алады. Клубқа қатысу еркін.

7. Клуб қатысушылары Клуб отырыстарының күн тәртібіне енгізілген мәселелерді талқылау кезінде тең құқықтарға ие.

8. Клубтың жетекшісі (модераторы) – сайлау комиссиясының мүшесі болып табылады.

9. Клуб қатысушыларының құқығы бар:

  • Екібастұз қаласының сайлау комиссияларының мүшелеріне ұсыныстармен жүгінуге;
  • Клуб қатысушыларының басқа пікірлерімен келіспеген жағдайда өз пікірін баяндауға, ол Клуб отырысының хаттамасына тіркелуге тиіс.

 

4. Жас сайлаушылар клубының қызметін ұйымдастыру

10. Клуб өз қызметін әртүрлі форматтағы отырыстар, кездесулер, пікірталастар және ұжымдық өзара әрекеттесудің басқа да түрлері түрінде жүзеге асырады.

11. Отырыстарды Клуб жетекшісі Клуб мүшелері тарапынан бірінші отырыста қабылданатын жылдық іс-шаралар жоспарына сәйкес өткізеді.

12. Клубтың қызметін қамтамасыз ететін, іс қағаздарын жүргізетін және отырыстарды дайындауды ұйымдастыратын Клубтың жұмыс органы ЕҚАСК болып табылады.

13. Жұмыс органы:

  • Отырыстарды өткізу бойынша ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асырады;
  • Клуб қатысушыларын кезекті отырыстың күні мен күн тәртібі туралы оны өткізуге дейін кемінде бес күн бұрын хабардар етеді;
  • Клуб отырысының хаттамасын, оның ішінде фото-, аудио-, бейнежазба құралдарын пайдалана отырып жүргізеді;
  • Клубтың өткізілген отырысы туралы ақпарат пен өзге де материалдарды әлеуметтік желілерде орналастырады.

 

5. Қорытынды ережелер

14. Осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар Екібастұз ҚАСК қаулысымен енгізіледі.

 

 

Дата публикации
24 июня 2026
Дата обновления
24 июня 2026
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Бейнероликтер
21 октября 2026
Аудиороликтер
20 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Павлодар облыстық және Екібастұз қалалық мәслихаттары депуттарының сайлауы бойынша Екібастұз қаласы сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәлімет

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы