2023-2025 жылдары Екібастұз өңірінде «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 1 661,0 млн. теңгеге 8 жоба жүзеге асырылды. Оның 4-і әлеуметтік саланы, қалған 4-і инфрақұрылымды дамытуға бағытталды.
Байет және Қоянды ауылдарында ауыл клубы мен дене шынықтыру-сауықтыру кешендері салынды, сондай-ақ Қоянды ауылындағы №14 орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, жалпы ұзындығы 6 шақырымнан асатын кентішілік және кірме жолдар жөнделді.
Аталған жобаларды жүзеге асыру ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға, әлеуметтік нысандардың қолжетімділігін арттыруға, сондай-ақ спорт, мәдениет және көлік инфрақұрылымын дамытуға жағдай жасауға мүмкіндік берді.