Меню

Страницы

Статья

Өзіңді және жақындарыңды қорғайық

Өрттер болуының басты себептері адамдардың от  қолдануда  абайсыз болуы болып табылады, әсіресе мас күйде темекі шегуде.  Өткен 2020 жылы Екібастұз қаласында газбен улану себебінен 2 адам зардап шекті. Жану ошағы басқа бөлмеде  болса да улы газбен улану әбден мүмкін, өйткені көміртек тотығы түтінмен бірге жайылғанмен бөлме қабырғалары мен маңайдағы заттарға қонбайды.

Оның концентрациясы бірер минут ішінде күрт жоғарылайды және ауамен араласқан кезде ғана төмендейді. Адам улы газбен уланған кезде организмде  оттегінің  алмасу механизмі бұзылып, оның тапшылығы пайда болады.  Бұл ес білмей қалуға  және өлімге әкеліп соқтырады. Улы газдың адам организмінде жиналып, оның қорғану әрекетін тоқтату қабілеті болғандықтан, тіпті оның кішкентай концентрациясы адамға әсер етеді.

Алайда адам улы газбен дем алып жатқанын сезбейді, бірақ біраз уақыттан соң басы ауырып, көру қабілеті нашарлап, басы айналып,  жүрегі айни бастайды. Улы газдың әрекетінен адам арылмаса нақтылы уақытты сезіну қабілеті жоғалып,  кеңістікте бағдарлау бұзылып, егер де адам көміртек тотығы бар бөлмеден шықпаса қайғылы жағдайға душар болуы әбден мүмкін.

Улы заттың әсері сондай  адам денесінің күйік алып жатқанын да сезінбейді. Уланған адамға тез арада далаға шығу қажет, егер ондай мүмкіндік болмаса, тым болмағанда даланың ауасымен дем алу мүмкіндігі бар бөлмеге бару керек.

Бұл бөлмеге түтін газының келуін мейлінше болдырмау қажет. Улы газбен уланған адамды жатқан қалпында тез арада таза ауаға  алып шығып керек те алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету қажет.

   Азаматтық қорғау капитыны

Ж.Майманов

 

 

                                                                   

Дата публикации
06 октября 2020
Дата обновления
06 октября 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

21 октября 2026
Бейнероликтер
21 октября 2026
Аудиороликтер
20 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Павлодар облыстық және Екібастұз қалалық мәслихаттары депуттарының сайлауы бойынша Екібастұз қаласы сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәлімет

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы