Меню

Страницы

Статья

Екібастұз қаласы жергілікті атқарушы органдарының Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын орындауы

2026 жылғы 10 ақпанда Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысы Ж.Б. Төребековтің төрағалығымен, Павлодар облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Д.Қ. Каукеновтің және Екібастұз қаласы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі С.С. Төлеубаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарын түсіндіру мәселелері бойынша кездесу өткізілді.

Аталған іс-шараға Екібастұз қаласы әкімдігі жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері, сондай-ақ Екібастұз қалалық мәслихаты аппаратының қызметкерлері қатысты.

Негізгі назар келесі мәселелерге аударылды:

- мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеу;

- қызметтік тәртіп пен еңбек тәртібін сақтау;

- азаматтармен және әріптестермен өзара іс-қимыл барысында сыпайы әрі әдепті мінез-құлық таныту;

- мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді және мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарын сақтау.

Кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілері әдеп кодексінің нормаларын, мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарын қатаң сақтау және қызметтік тәртіпті сақтау бойынша бақылауды күшейту ұсынылды.

Дата публикации
05 марта 2026
Дата обновления
05 марта 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Бейнероликтер
21 октября 2026
Аудиороликтер
20 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Павлодар облыстық және Екібастұз қалалық мәслихаттары депуттарының сайлауы бойынша Екібастұз қаласы сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәлімет

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы