Меню

Страницы

Статья

Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі.

Статистика деректері бойынша Екібастұз қаласы мен ауылдық аймақта болған өрттердің, оның ішінде адамдардың қаза болуы мен жарақаттануына әкеп соққан өрттердің негізгі үлесі тұрғын үй секторына келеді. 2020 жылы көппәтерлі және жеке тұрғын үйлерде 43 өрт болды, онда 2 адам қаза тауып, 4 адам өрт кезінде жарақат алды.

Тұрғын үй секторында өрттің шығу себептері:

- электр құралдарын пайдалану ережелерін бұзу;

- ақаулы электр жабдықтарын пайдалану;

- отпен абайсыз болу;

- төсекте темекі шегу, әсіресе мас күйінде;

- электр сымдарының қысқа тұйықталуы.

Осыған байланысты Екібастұз қаласы ТЖ басқармасының қызметкерлері өрттің алдын алу және санын азайту мақсатында күн сайын тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі бойынша рейдтер өткізеді. Рейдтік іс-шаралар барысында қызметкерлер жеке және көп пәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындарымен өрт қауіпсіздігі ережелері мен шұғыл қызметтердің телефон нөмірлері толық жазылған жадынамаларды тапсыру арқылы нұсқаулық жүргізеді, олар бойынша ересектер мен балалар оқиға туралы хабарлап, тез арада көмек ала алады.

Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздар!!!

Өрт кезінде " 101"

Құтқару қызметі " 112"

 

Рогожина Е.С., Екібастұз қаласы

ТЖ басқармасы зілзалалардың

қауіп-қатерін азайту және азаматтық

қорғау саласындағы бақылау

тобының бас маманы,

                                                         азаматтық қорғау

подполковнигі.

 

Дата публикации
22 сентября 2020
Дата обновления
22 сентября 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

21 октября 2026
Бейнероликтер
21 октября 2026
Аудиороликтер
20 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Павлодар облыстық және Екібастұз қалалық мәслихаттары депуттарының сайлауы бойынша Екібастұз қаласы сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәлімет

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы