Меню

Страницы

Статья

Аз қамтамасыз етілген, тұрмысы қолайсыз отбасыларға рейд.

2020 жылдың 14-16 қыркүйегінде Солнечный кентінің, Шідерті кентінің, Бесқауға және Қоянды ауылдарының аз қамтамасыз етілген, тұрмысы қолайсыз отбасыларына рейдтер жүргізілді. Рейдке кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның хатшысы, білім  бөлімінің, жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімінің мамандары, сондай-ақ ювенальді полиция тобының инспекторы қатысты.

Аталған іс – шараның мақсаты-кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және күтіп ұстау бойынша өз міндеттерін тиісінше орындамайтын ата-аналарға бақылауды жүзеге асыру, отбасындағы әлеуметтік-психологиялық ахуалды қалыпқа келтіруге жәрдем көрсету.

Рейд барысында 36 отбасы қамтылды. Кәмелетке толмағандардың жағдайлары, өмір салты зерттелді, ата-аналарға бала тәрбиесіндегі жауапкершілік, отбасындағы қатыгездікке жол бермеу және салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігі туралы түсіндірілді.

Дата публикации
18 сентября 2020
Дата обновления
18 сентября 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

21 октября 2026
Бейнероликтер
21 октября 2026
Аудиороликтер
20 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Павлодар облыстық және Екібастұз қалалық мәслихаттары депуттарының сайлауы бойынша Екібастұз қаласы сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәлімет

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы