Меню

Страницы

Статья

Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту. Салықтық міндеттеменітоқтату негізі

Құрметты салықтөлеушілер!

ҚР Салық кодексінің 49 бабының 1-тармағына сәйкес төлену мерзімін неғұрлым кеш мерзімге ауыстыру не салықтық берешекті өтеу мерзімдерін ұзарту салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту деп танылады. Осы тармақтыңережелеріайыппұлдарсомасынақатыстықолданылмайды

Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу мерзімі салықтың және (немесе) төлемнің төленуге тиіс бүкіл сомасынане оның бір бөлігіне қатысты өзгертілуі мүмкін

Бұл ретте, төлем көзінен ұсталатын салықтар, акциздер, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарынан импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін салықтар бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдері өзгертілуге жатпайтыны туралы хабарлаймыз.

Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейінге қалдыру, мерзімін ұзартусалық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкін кепілге қоюмен және (немесе) банк кепілдігімен жүргізіледі.

Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейінге қалдыру, мерзімін ұзартутуралы салықтық өтінішті салық төлеуші салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеудіңболжамды графигін қоса бере отырып, уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша ұсынады.

Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейінге қалдыру, мерзімін ұзарту бойынша сұрақтар болған жағдайда  салық төлеуші орналасқан жеріне, салықты төлейтін жеріне Мемлекеттік кірістер органына тел:77 16 97, 77 17 14 жүгінуге құқылы.

Дата публикации
16 сентября 2020
Дата обновления
16 сентября 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

21 октября 2026
Бейнероликтер
21 октября 2026
Аудиороликтер
20 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Павлодар облыстық және Екібастұз қалалық мәслихаттары депуттарының сайлауы бойынша Екібастұз қаласы сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәлімет

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы