Егер үйіңіз тұрған көшенің атауы не нөмірі ауысқан болса, көп жағдайда жылжымайтын мүліктің мекенжайын айқындайтын анықтама сұратылып жатады. Оны egov.kz арқылы қалай алуға болады, Oqyp&Toqyp алыңыз!
Ол үшін порталға кіріп, авторизациядан өтіңіз
Іздеу жолағынан немесе Жылжымайтын мүлік бөліміндегі Сатып алу, сату тарауынан «ҚР аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтаманы алу» қызметін табыңыз
- Қызметке онлайн сұрау жасаңыз
- Әрі қарай жылжымайтын мүліктің ағымдағы мекенжайы бойынша мәліметтерді толтырыңыз
- Жылжымайтын мүлік түрін таңдаңыз
- Бұдан кейін сізге мекенжайды нақтылау не болмаса мұрағаттағы мекенжайын көрсете отырып, анықтаманы алу ұсынылады
- Сұратқан анықтама онлайн түрде 15 минут ішінде дайын болуы тиіс!