Меню

Страницы

Статья

Қолма-қол ақшамен есеп айырысу бақылау-касса машиналарын міндетті түрде қолдана отырып жүзеге асырылады

Екібастұз қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, назарларыңызға келесіні ұсынады:

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодекстің 166-бабының 1 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп бақылау-касса машиналары (БКМ әрі қарай) мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiледi.

Өз кезегінде, 2019 жылғы 13 сәуірден бастап Салық кодексінің 166-бабының 6 тармағына сәйкес БКМ чегі мынадай ақпаратты қамтуы керек:

1) салық төлеушінің атауын;

2) салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірін;

3) бақылау-касса машинасының зауыттық нөмірін;

4) бақылау-касса машинасының салық органындағы тіркеу нөмірін;

5) чектің реттік нөмірін;

6) тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жасалған күн мен уақытты;

7) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бір бірлігі үшін бағасын;

8) фискалдық белгіні;

9) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының бақылау чегінің төлнұсқалығын тексеру үшін фискалдық деректер операторының атауын және фискалдық деректер операторы интернет-ресурсының деректемелерін;

10) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауын;

11) сатып алынатын тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің санын, олардың өлшем бірлігін;

12) тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатудың жалпы сомасын;

13) егер салық төлеуші қосылған құн салығын төлеуші болып табылса – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді өткізу бойынша, қосылған құн салығы салынатын айналымдар жөніндегі мөлшерлемені көрсете отырып, қосылған құн салығының сомасын;

14) бақылау-касса машинасы пайдаланылатын жердің мекенжайын;

15) бақылау-касса машинасының чегі туралы ақпаратты кодталған түрде қамтитын штрих кодты қамтуға тиіс.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 9) және 15) тармақшаларының ережелері деректер беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналарының чектеріне қолданылмайды.

Сонымен бірге тауарлардың/жұмыстардың/кызметтердің бірынғай номенклатурасы және өлшем жіктеуіші белгіленбегенін ескере отырып. Фармацевтиқалық тауарлар сатушыларды қоспағанда, салық төлеушілер бірліктерін пайдалануға, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген талаптарды өз бетінше немесе техникалық қызмет көрсету орталықтары арқылы қоюға мүмкіндігі бар. Фармацевтикалық сатушылар бекітілген дәрілік заттардың атауын қолдануы керек.

Жоғарыда айталғандарды ескере отырып, Сізге онлайн-БКМ басылған чектерін салық кодексінің талаптарына сәйкестендіру қажеттілігі туралы хабарлаймыз.

Барлық сұрақтар бойынша 741789, 771635, 771709 нөмерлеріне хабарласыныз.

Дата публикации
07 сентября 2020
Дата обновления
07 сентября 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

21 октября 2026
Бейнероликтер
21 октября 2026
Аудиороликтер
20 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Павлодар облыстық және Екібастұз қалалық мәслихаттары депуттарының сайлауы бойынша Екібастұз қаласы сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәлімет

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы