Меню

Страницы

Статья

Астық жинау кезіндегі өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

Жұмыс жоспарын орындау және ауыл шаруашылығы объектілерінде өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын бақылауды ұйымдастыру және дәнді және масақты дақылдар алқаптарының жануына жол бермеу мақсатында, сондай-ақ астық жинау науқанын өткізу кезеңінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері профилактикалық іс-шаралар жүргізеді.

Осыған байланысты, астық жинау науқанын дайындауға және өткізуге қатысатын ұйымдардың басшылары дайындық және астық жинау жұмыстары кезінде өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауы қажет.

Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау-әр адамның міндеті, оны орындау егістікте де, оны өңдеу және сақтау орындарында да өнімнің сақталуына байланысты.

Астық жинау және ірі жем-шөп дайындау басталғанға дейін:

а) ауыл шаруашылығы кәсіпорнының басшысы жинау машиналары мен агрегаттарын өртке қарсы дайындауға, механизаторлардың өртке қарсы нұсқамасын ұйымдастыруға, сондай-ақ астық жинау және ірі жем-шөп дайындау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға жауапты тұлғаларды тағайындауы тиіс;

б) тракторшылар, комбайнерлер, олардың көмекшілері және басқа механизаторлар, сондай-ақ егін жинауға және жем-шөп дайындауға тартылған лауазымды тұлғалар арнайы бағдарлама бойынша өртке қарсы нұсқамадан өтуі тиіс;

в) егін жинау жұмыстарына бөлінген адамдарға да өрт қауіпсіздігінің негізгі шаралары туралы нұсқау берілуі тиіс;

г) нан пісетін кезеңде егістіктерді қорғау үшін шолғыншы және далалық айналып өтушілерді бөлу қажет;

д) техниканың өртке қарсы тұрғыдан жинау жұмыстарына дайындығын әрбір ауыл шаруашылығы кәсіпорны жанынан құрылатын арнайы комиссиялар тексеруі тиіс;

Дәнді дақылдарды жинау және жем дайындау кезінде келесі талаптарды сақтау қажет:

- егін жинау басталғанға дейін объект басшысы жинау машиналары мен агрегаттарын өртке қарсы дайындауға, комбайнерлерге, кептіру кешендерінің машинистеріне, жүргізушілерге, тракторшыларға өртке қарсы нұсқаулық ұйымдастыруға, сондай-ақ астық жинау және ірі жем-шөп дайындау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға жауапты тұлғаларды тағайындауы тиіс;

- комбайнерлер, кептіру кешендерінің машинистері, жүргізушілер, тракторшылар, сондай-ақ егін жинауға тартылған лауазымды тұлғалар ӨТМ бағдарламасы бойынша дайындықтан өтуі тиіс;

- егін жинау жұмыстарына жіберілген қызметкерлермен өртке қарсы нұсқаманы тіркеу журналына белгі қою арқылы өртке қарсы нұсқаулық өткізілуі тиіс.

Астықты сақтауға арналған үй-жайларда жол берілмейді:

- кез келген басқа өрт қауіпті материалдарды, техника мен жабдықтарды сақтау;

- адамдар тұрақты немесе қысқа мерзімді болатын қосалқы үй-жайлар мен жұмыс орындарын орналастыру;

- жылыту аспаптарын сәндік торлармен жабу.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік:

- мүлік иелері;

- жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары;

- мүлікті иеленуге, пайдалануға немесе оған билік етуге уәкілетті тұлғалар, оның ішінде ұйымдардың басшылары;

- белгіленген тәртіппен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты болып тағайындалған тұлғалар;

- өз құзыреті шегінде лауазымды тұлғалар.

Нан-біздің байлығымыз. Егіннің ең қауіпті жауы-от. Өрттен астықты сақтаңыздар!

Өрт немесе өзге де төтенше жағдай (ТЖ) анықталған кезде — 101, 112 телефонына қоңырау шалыңыз.

Екібастұз қаласы ТЖБ

МҚҚЖҚББ инженері

а/қ лейтенанты А Усеев

Дата публикации
01 сентября 2020
Дата обновления
01 сентября 2020
Тип
Ережелер мен рәсімдер

Сейчас читают

21 октября 2026
Бейнероликтер
21 октября 2026
Аудиороликтер
20 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Павлодар облыстық және Екібастұз қалалық мәслихаттары депуттарының сайлауы бойынша Екібастұз қаласы сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәлімет

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы