Павлодар облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Павлодар облысының аумағында қатаң шектеу карантиндік шараларын енгізу туралы» №8 қаулысына 2020 жылдың 13 тамызда енгізілген өзгерістер мен толықтыруларына сәйкес шипажай-курорттық мақсаттағы нысандардың жанындағы жағажайлардың қызметіне рұқсат берілді№.
Сонымен қатар, қала аумағында орналасқан жағажайлар карантиндік шараларға байланысты әлі де жабық!
Covid-19 ендетін жаппай жұқтыру жағдайларын болдырмау үшін Солнечный кентінде орналасқан қоғамдық жағажайға және тыйым салатын белгілер (аншлагтар) орнатылған жабдықталмаған жерлерде шомылуға тыйым салынады.
Сондай-ақ, алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе мас күйінде қоғамдық орындарда болу ҚР ӘҚБКК 440,364 бабтарына сәйкес және жалпы су пайдалану ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік тарту қарастырылған.
Есіңізде болсын! Сіздің қауіпсіздігіңіз және балалардың қауіпсіздігі Сіздің қолыңызда!
Екібастұз қаласы әкімдігінің
жұмылдыру жұмысы, азаматтық қорғаныс
және төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімі