Тұрақты ыстық ауа-райына байланысты қала көшелерінде, ауылдық елді мекендерде, саябақ аймақтарында, ауыл шаруашылығы алқаптарында, үй жанындағы учаскелерде құрғақ шөптің, қоқыстың тұтануына байланысты өрттердің саны артты.
Бұл өрттердің себебі әртүрлі болуы мүмкін:
- құрғақ шөпке тасталған сөндірілмеген сіріңке немесе темекі тұқылдары,
- балалардың отпен ойнауы.
- Осындай кезеңде халықтың тағы бір "өрт қауіпті санатына" бағбандар мен жеке сектордың тұрғындары айналуда.
Бірақ жылы, құрғақ ауа-райында өрт шығуы үшін ұшқын жеткілікті. Осы кезеңде табиғи аумақтарға барған кезде де өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау қажет.
Осыған байланысты Екібастұз қаласы ТЖ басқармасы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!!!
Өрт кезінде 101 қоңырау шалыңыз!!!
Екібастұз қ. ТЖБ