Мемлекеттік тіл мемлекеттік қызметте орасан зор орын алады, осыған байланысты «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Запңын және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын және Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында, Екібастұз қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесе отырып, 2017 жылғы шілдеден бастап желтоқсан айына дейін мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік тілге жеделдете оқыту бойынша курстар ұйымдастырды.
Елбасымыз өз Жолдауында 2020 жылы мемлекетік тілді меңгерген қазақстандықтар саны 95% құрау керектігін атап өткен еді. Сондықтан да біздің басқармада мемлекеттік тілдің қарқынды дамуына аса зор назар аударылады. Мемлекеттік тілді жетілдіру бойынша жұмысты іске асыруға бағытталған іс-шаралар белсенді жүргізіледі.
Осылайша, ағымдағы жылы басқармада мемлекеттік тілге тереңдете үйретуге арналған курстары ұйымдастырылды. Ағымдағы эпиджағдай мен карантинге байланысты сабақтар онлайн режимде өткізіледі. Курс соңында барлық мемлекеттік қызметкерлер тиісті сертификаттарға ие болады.
Ұйымдастыру құқықтық жұмыс
және мониторинг бөлімі
басшысының м.а. С.Асылханова