Меню

Страницы

Статья

ЛЕПТОСПИРОЗДЫҢ АЛДЫН АЛУ

Лептоспироз- қылтамырлардың, бауырдың, бүйректің, нерв жүйесінің зақымдануымен сипатталатын зоонозды жұқпалы ауру. Толқынды түрді безгекпен ілеседі. Аса ауыр жағдайларда сары ауру, гемморагиялық синдром, жіті бүйрек жеткіліксіздігі және менингит байқалады.

Жұқпалы аурудың қайнар көзі болып кеміргіштер (егеуқұйрықтар, тышқандар), суырлар, үй жануарлары  (шошқалар, ірі мүйізді мал, жылқылар, иттер) саналады. Жануарлар арасындағы 65-90% жетеді.

Адам ауруды жазғы-күзгі кезеңде, ауылшаруашылық жұмыстары кезінде, зақымдалған шырышты қабық және тері арқылы, суы ақпайтын су қоймаларында  шомылғанда, кездейсоқ су қоймаларынан суды ішкенде, сүтті ішкенде, етті жегенде жұғады. Адам адамнан ауруды жұқтырмайды.

Лептоспиралар зақымдалған тері мен шырышты қабық арқылы қанға кіріп, бауырға, бүйрекке, көкбауырға, бүйрекүсті бездерге енеді де, сонда олар қарқынды көбейе бастайды.

Клиникалық белгілері. Лептоспироз ауруының 2 түрі бар – сары аурулық және сары аурулық емес.

Сары аурулық түрі – инкубациялық кезеңі 1-2 апта. Жіті түрде басталады. Дене қызуы 40 градусқа дейін көтеріледі, жалпы әлсіздік байқалады. 2-3 күннен бастап бауыр, кейде көкбауыр үлкейеді, қарқынды бұлшық еттің (балтырлардың) сырқаттануы көрініс табады. 4-5 күннен бастап олигурия, кейін анурия туады. Жүрек тамыры жағынан тахикардия, тіпті инфекциялық миокардит та болуы мүмкін.

Сары аурулық емес түрі – инкубациялық кезеңі – 4-10 күн. Дене қызуы көтеріледі, әлсіздік, менингиалды белгілер байқалады, олигоанурия, бауыр үлкейеді.

Асқынулар:

 - жіті бауыр жеткіліксіздігі;

- қан кету;

- көз қабығының зақымдануы;

- миокардит;

- паралич, парез;

-инфекциялық-токсикалық шок.

Ем-шаралар: антибактериалдық терапия, симптоматикалық терапия, дезинтоксикациялық терапия. Көптеген науқастар үшін болжам жағымды. Аурудың созылмалы түрлері дамымайды.

Екібастұз тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің

сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы,  

эпидемиологиялық қадағалау  бөлімінің жетекші маман З.Д. Әбденова

Дата публикации
15 июня 2020
Дата обновления
15 июня 2020
Тип
Ережелер мен рәсімдер

Сейчас читают

21 октября 2026
Бейнероликтер
21 октября 2026
Аудиороликтер
20 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Павлодар облыстық және Екібастұз қалалық мәслихаттары депуттарының сайлауы бойынша Екібастұз қаласы сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәлімет

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы