Меню

Страницы

Статья

Саяхатшылар назарына

Қазіргі кезде әлем халықтары бұрынғыға қарағанда жиі байланысып тұрады. Күн сайын мыңдаған адамдар жер шарына сапар шегіп, аз уақыттың ішінде бірнеше елді аралайды. Бұл уақытта кейбір жұқпалы аурулар адам ағзасында жетіліп дамиды. Сондықтан көптеген саяхатшылар жұқпалы ауруды бір елде жұқтырып, ауырады және артынан басқа елге барғанда басқа елдегі айналасындағыларға жұқтырады.

Жер шарының әр құрлығындағы миллиондаған адамдардың өмірін алып кеткен обаның, холераның, шешектің көптеп таралуын тарихтан белгілі. Осы жұқпалардың қоғам үшін қауіптілігін ескере отырып және олардың алдын-алу және таратуын жібермеу мақсатында шектеу сипаттағы шаралар қабылданды, карантин белгіленді. Қазіргі уақытта осы шаралар оба, холера, сары қызба сияқты жұқпаларға қатысты халықаралық санитариялық ережелермен заңдастырылған.

Қазақстан азаматтары сауда-экономикалық, мәдени, саяхат және спорттық байланыстар барысында көптеген мемлекеттерге барады. Көптеген мемлекеттердің аумағында аса қауіпті аурулардың ошағы бар. Мысалы, 2011 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ұйымының деректері бойынша әлемде обаның 266 жағдайы тіркелген- Мадагаскарда -260 жағдай, Ливияда -4 жағдай, АҚШ-2 жағдай; холераның -458292 жағдайы тіркелген, оның ішінде 6106 жағдайда бақытсыз жағдайға ұшыраған (АҚШ-та, Канадада, Гаити, Доминикан республикасында, Венесуэлде, Мексикада, Малайзияда, Тайваньда, Үндіде, Мьянмде, Филиппинде, Нигерияда, Зимбабве, Чадта, Намибияда, Украинада); құс тұмауының 46 жағдайы, оның ішінде қайтыс болғаны-23 адам; сары қызбаның 16 жағдайы Кенияда және Угандада Эбола геморрагялық қызбасының 1 жағдайы өлімге әкеп соқтырған.

Осыны ескере отырып, қаланың эпидемиолог - дәрігерлері сапарға аттанушыларға аурудың алдын-алу шаралары жайлы төмендегідей ескертпе жасайды:

· табиғат аясында кеміргіштер мекендейтін жерлерге орналасуға немесе олардың інінің маңайына палатка тігуге болмайды, ал киімдеріңіз бен уақытша үйді бүргелерге қарсы арнайы заттармен- репелленттермен және инсектицидтермен өңдеу керек. Жануарларды аулау мен атуға қатаң тыйым салынады;

· үйде және шаруашылық жайларда синантроптық кеміргіштер болмауы керек, олар пайда болған жағдайда, бұл туралы тиісті мекемелерге хабарлау қажет;

· қолдарыңызды таза ұстаңыз, ас ішер алдында және әжетханаға барған соң қолдарыңызды жете тазартып жуыңыз;

· көкөністер мен жемістерді қайнатылған сумен мұқият жуыңыз, артынан ыстық қайнаған сумен шайыңыз. Ауызсуға, жемістерді, көкөністерді және ыдыстарды жуу үшін тек қайнаған суды қолданыңыз;

· қайнамаған суды, сүтті ішпеңіз;

· үйде және аулада тазалықты сақтаңыз, шыбындарды өлтіріңіз;

· асқа тек сапалы азық-түліктерді қолданыңыз, белгісіз орындардан азық-түліктер сатып алмаңыз;

· жұқпалы ауруға күдіктенсеңіз жедел түрде дәрігер шақыртыңыз;

· демалысқа, іссапарға шыққанда өзіңізбен бірге қолдарды зарарсыздандыруға арналған ылғалды сүлгілер немесе сулы сабын сияқты заттарды ала жүріңіз, осыған балаларыңызды да үйретіңіз.

Екібастұз тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің

сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы, 

  эпидемиологиялық қадағалау  бөлімінің жетекші маман                 З.Д. Әбденова

Дата публикации
15 июня 2020
Дата обновления
15 июня 2020
Тип
Ережелер мен рәсімдер

Сейчас читают

21 октября 2026
Бейнероликтер
21 октября 2026
Аудиороликтер
20 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Павлодар облыстық және Екібастұз қалалық мәслихаттары депуттарының сайлауы бойынша Екібастұз қаласы сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәлімет

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы