Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жеке құрамы (оның ішінде азаматтық персонал) арасында COVID 19таралу тәуекелін азайту жөніндегі алгоритмдер

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (оның ішінде ҰҚК Шекара қызметі) және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жеке құрамы (оның ішінде азаматтық персонал) арасында COVID‑19таралу тәуекелін азайту жөніндегі алгоритмдер

Мақсаты: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (оның ішінде ҰҚК Шекара қызметі) және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жеке құрамы (оның ішінде азаматтық персонал) (бұдан әрі - қарулы күштер құрылымы) арасында қозғалысты қысқарту және COVID‑19таралу қаупін азайту бойынша өзара іс-қимыл жасау жолымен СОVID-19 жұқтыру қаупін төмендету.

1. Ұйымдастыру іс-шаралары:

1) ведомстволық объектілерге бөтен адамдардың келмеуі үшін бақылау-өткізу пунктін (бұдан әрі – БӨП) жабу;

2) демалыс және мереке күндерін қоса алғанда, жеке құрамның объектілерге, оның ішінде қызметтерді көрсету саласында (монша-кір жуу қызметін көрсету, шаштараз, азық-түлік дүкендері, буфеттер және т. б.) тартылған объектілерге байланыссыз электрондық рұқсатнамаларға қол жеткізуі;

3) тұратын мекенжайын, байланыс телефондарын, барлық отбасы мүшелерінің Т.А.Ә., отбасы мүшелерінің жұмыс орындарын көрсете отырып, жұмыс істейтін жеке құрамның тізімін құру;

4) эпидемияға қарсы, дезинфекциялық іс-шараларды көздей отырып, коронавирустық инфекцияға ден қою жөніндегі қолданыстағы жедел жоспарды жетілдіру;

5) қарулы күштер құрылымдары объектілеріне COVID‑19әкелінуінің және одан әрі таралуының алдын алу мақсатында эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шараларға тартылған барлық жауапты адамдарды таныстыру арқылы хабарлау схемасын жаңарту;

6) іс-шаралар өткізілгенге дейін кемінде 14 күн бұрын алдын ала карантинді ұйымдастыруды және іс-шараны өткізгенге немесе оған шыққанға дейін 4 күн бұрын СОVID-19-ға зертханалық тексеруді қамтамасыз ете отырып, жеке құрамның тартылған адамдарының тізімімен кейінге қалдыруға болмайтын іс-шаралар (оның ішінде халықаралық және елдік іс-шаралар) тізімін құру;

7) жеке құрам үшін қашықтықтан кеңестер өткізу;

8) азаматтық персонал адамдарын,сондай-ақ отбасы мүшелері COVID-19 жұқтыру қаупімен байланысты іс-шараларды орындауға тартылған (ДСМ, ІІМ және т. б. желісі бойынша) және шетелден келген адамдармен байланыс жасаған жеке құрамды қашықтықтан жұмыс істеуге ауыстыру;

9) жеке құрам мен азаматтық персоналда COVID-19 белгілері мен симптомдары пайда болған кезде қашықтықтан консультация беруді ұйымдастыру және оқшаулау, емдеуге жатқызу және аумақтардағы инфекциялық, провизорлық стационарлардан тасымалдау мәселелерін шешу үшін олардың ТАӘ, лауазымын, жұмыс орнын және байланыстарын көрсете отырып, аумақтық органдардың: денсаулық сақтау басқармаларының және Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің, жоғары оқу орындарының инфекциялық аурулар кафедраларының медицина қызметкерлері арасынан консультанттардың тізімін құру (келісім бойынша);

10) қарулы күштер құрылымдары мен олардың бөлімшелерінің медицина қызметінің аумақтық денсаулық сақтау басқармаларымен және Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің департаменттерімен қашықтықтан консультация жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу, қарулы күштер құрылымдарының жеке құрамы арасында ауруды әкелуге және таратуға жол бермеу бойынша, оның ішінде СОVID-19-дың күдікті және/немесе ықтимал жағдайлары туралы хабарламаны ұсыну бойынша эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу шеңберінде өзара іс-қимыл тәртібін өзектендіру;

11) бөлімшелер арасында оқшаулауды сақтай отырып, бөлімшелер үстелдерінің арасында 2 метрден кем емес қашықтықты сақтай отырып, жеке құрам мен азаматтық персоналды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша жоспар мен кестені әзірлеу және олардың сақталуын бақылау;

12) жеке құрамның бос уақытты өткізу үй-жайларында - казармаларда, монша-кір жуу қызмет көрсету орындарында және басқа да жаппай пайдаланылатын орындарда болуын ұйымдастыру жөніндегі кестелерді құру;

13) жаппай болатын және тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде (казармалар, оқу сыныптары, қызметтік үй-жайлар, асхана, монша-кір жуу қызметі, шаштараздар және т. б.) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді қамтамасыз ету (қол жууға арналған жағдайлар, күніне кемінде екі рет беттерді өңдеу, дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып ылғалды жинау, желдету);

14) БӨП-те сұрау және температураны қашықтықтан өлшеуге арналған құралдармен термометрия арқылы жіті респираторлық инфекциялар (оның ішінде СОVID-19) белгілері бар науқастарды уақтылы анықтау үшін БӨП-те медициналық бекеттерді ашу;

15) СОVID-19 белгілері болған жағдайда одан әрі оқшаулау және провизорлық немесе инфекциялық аурулар стационарларына тасымалдау үшін аумақтық медициналық ұйымдарды және Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті департаменттерінің аумақтық басқармаларын 2 сағат ішінде уақтылы хабардар ету;

16) түпкілікті диагноз қойғанға, оларды провизорлық немесе инфекциялық аурулар стационарына оқшаулау мәселесін шешкенге дейін байланыста болған адамдардың уақытша болуы үшін қосымша үй-жайлар (жинақтауыш) ұйымдастыру;

17) объектілердегі барлық үй-жайларды жиі желдетуді қамтамасыз ету;

18) жеке құрам мен азаматтық персонал болмаған жағдайда дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып (үй-жайлардағы есік тұтқаларын, сүйеніштерді, басқа да беттерді міндетті түрде сүрту) үй-жайларда күніне кемінде 2 рет ылғалды жинау;

19) жеке құрам жаппай жиналатын іс-шаралардың барлық түрлеріне, оның ішінде әскери, спорттық, ойын-сауық іс-шараларына тыйым салу;

20) ведомстволық қызметтердің медицина қызметкерлерінің COVID-19 алдын алу мәселелері бойынша жеке құрамға семинарлар мен нұсқамалар өткізуі;

21) іс-әрекеттері COVID-19-ға күдікті науқастарды тексерумен, тасымалдаумен, ошақтағы жұмыспен, емдеуге жатқызумен байланысты медицина қызметкерлері мен персоналдың жоғары дәрежелі қорғаныш маскаларын немесе респираторларды пайдалануын қамтамасыз ету;

22) қылмыстық-атқару жүйесінде, сондай-ақ гаупвахталарда: камераларда тамақтандыруды ұйымдастыруды, шектеу іс-шаралары мен карантин кезінде туыстарымен кездесулерді болдырмау, серуендеуді шағын топпен кесте бойынша ұйымдастыру.

2.Азаматтық персоналдың жұмысын ұйымдастыру мәселелерін шешу:

1) үйден, әсіресе 55 жастан асқан адамдарға қашықтықтан қол жеткізу арқылы;

2) «жылжымалы кестені» ұйымдастыру арқылы.

3. Жеке құрамға және азаматтық персоналға:

1) жеке құрамның қарулы күш құрылымдарының объектілері (корпустары, қабаттары, оқу бөлмелері, кабинеттер және басқа да үй-жайлар) арасында жүріп-тұруын болдырмау;

2) қауіпсіз әлеуметтік қашықтықтың күшейтілген шараларын сақтау;

3) қол алысуды болдырмау;

4) мерзімді қызмет әскери қызметшілеріне, курсанттар мен кадеттерге демалыс беруді болдырмау;

5) жеке гигиена және қоғамдық гигиена шараларын сақтау.

4. Қорғанысмині, ІІМ, ҰҚК және МКҚ құрылымдық бөлімшелерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын медицина қызметкерінің міндеті:

4.1. Жеке құрам арасында және ведомстволардың медициналық ұйымдарында COVID-19 анықталған кезде эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу

1) медициналық ұйымдардың «сүзгісінде» ЖРВИ және COVID-19 (катаральды көріністер, температура, жөтел) белгілері бар барлық адамдарды қабылдауды ұйымдастыру;

2) жабық үй-жайларда COVID-19-ға күдікті және ықтимал науқас анықталған кезде сұрау, тексеру кезінде медицина қызметкерлерінің барынша аз қатысуын қамтамасыз ету;

3) COVID-19-ға күдікті немесе ықтимал жағдайда пациентке бір рет қолданылатын медициналық маска ұсыну; ЖҚҚ, жеке профилактика құралдары бар жинақты сұратады; пациенттерді медициналық маскада, бас киімде, қолғаптарда және бір рет қолданылатын халатта қабылдау;

4) медициналық ұйымдардың басшыларын, госпитальдық эпидемиологты (штаттық эпидемиолог болмаған жағдайда – аумақтық ДСБ-ның) «Хабарлау схемасына» сәйкес - үй-жайдан шықпай хабардар ету;

5) COVID-19-ға күдікті науқасты оқшаулағаннан кейін үй-жайда қорытынды дезинфекция жүргізу;

6) жақын және ықтимал байланыста болған адамдарды саралап, байланыста болған адамдар тізімін құру;

7) оқшаулау жағдайлары болған кезде жақын байланыста болғандарды үйде оқшаулауды қамтамасыз етеді. Жағдай болмағанда карантиндік стационарда (үйдегі жақын байланыстар үшін), жеке құрам арасындағы жақын байланыстар үшін – жергілікті атқарушы органдар айқындаған үй-жайларда (әскери-медициналық бөлімшелерде);

8) медициналық ұйымдардың үй-жайларында санитариялық-дезинфекциялық режимнің жүргізілуін және сақталуын (желдету, ауысымда кемінде үш рет ылғалды жинау, дезинфекциялау) бақылау.

4.2. Үйде жеке құрам арасында COVID-19 анықталған кезде эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу

1) жеке құрамның үйдегі күдікті немесе ықтимал жағдайының тіркелгені туралы «Хабарлау схемасына» сәйкес хабарлау;

2) осы қаулыға 33-қосымшаға сәйкес жақын байланыста болған адамдарды зертханалық тексеруді қамтамасыз ете отырып, стационарлық және үй жағдайында карантинді ұйымдастыру үшін жақын және ықтимал байланыста болған адамдарды анықтау.

Дата публикации
10 июня 2020
Дата обновления
10 июня 2020
Тип
Ережелер мен рәсімдер

Сейчас читают

21 октября 2026
Бейнероликтер
21 октября 2026
Аудиороликтер
20 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Павлодар облыстық және Екібастұз қалалық мәслихаттары депуттарының сайлауы бойынша Екібастұз қаласы сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәлімет

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы